Жеңілдетілген несие: сұрақтар мен жауаптар

«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша несиелеу механизімінде жиі ұшырасатын сұрақтарға жауап, деп хабарлайды atameken.kz сайты.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен әлеуетті жобаларды жеңілдетілген несиелеу үшін арнайы бағдарлама құрылған болатын.

Осы бағдарламаға мониторинг жасап отыру мақсатында «Атамекен» алаңында Жобалық алқа құрылды.

Алқаның басты мақсаты бағдарламаның жүзеге асуын қадағалау, кәсіпкерлерге экономикалық және әлеуметтік қолайлы жағдай туғызу.

Арнайы мамандар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешуге, құжат мәселелерін реттеуге, нарықтағы жаңа өтімділікті анықтауға көмектеседі.

Жобалық алқа бизнес-жоспар кезеңінен бастап, қаржыландыруға дейін, сондай-ақ, банктердің несие бермеу себептерін анықтап, басқа жолдарын қарастыруға да көмектеседі.

Бүгінгі шолуымызда алдымыздан жиі шығатын сұрақтарға жауап береміз.

Жеңілдетілген несие бойынша қандай банктерге барамыз?

Кәсіпкер осы бағдарлама бойынша жұмыс істейтін кез-келген банкке бара алады. Бүгінгі күні «Халық банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ,  «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ,  «Bank RBK» АҚ және  «Нурбанк»АҚ.

Ескеретін бір мәселе, Банк капиталы кемінде 60 млрд теңге және шығарылымдағы облигациясы 70 млрд теңгеге дейін болуы керек.

Агроөнеркәсіптік кешендерді субсидиялау тәртібі мен шарты?

Ауылшаруашылық техникаларын субсидиялау қарыз келісімшартын беруарқылы жүзеге асады. Ірі қара мал алу үшін, құрылыс үшін қаржы (ұн, минералды сулар мен алкоголсіз ішімдіктерді есепке алмағанда) мына нормотивтер бойынша, жылдық мөлшерлеме 10 % төмендетіліп беріледі. Ал, айналымдағы өнімдерді өсіру мақсатында алынған қарыз шарты бойынша жылдық мөлшерлемесі 5% беріледі.

Нақты ақпараттарды ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің 2018 жылы, 26 қазанда шыққан № 436 бұйрығы бойынша таба аласыздар.

Жеңілдетілген несиені барлық кәсіпкерлер ала  ала ма?

Бағдарламаның 5-тармағы бойынша төмендегі жеке кәсіпкерлер субъектілерінің жобалары несиеленбейді:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, құрамында спирт бар медициналық заттарды (бальзамдарды есепке алмағанда) шығару жөніндегі жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін;

несиелік бюро деректері бойынша несие беру немесе несие беру туралы өтініш берген кезде 90 күнтізбелік күннен көп  несиелік берешегі барлар;

екінші деңгейлі банктермен айрықша қарым-қатынасы бар тұлғалар.

ҚР қаржы министрінің м.а. 2010.02.10 күнгі №5 бұйрығы бойынша оффшор аймақтарында тіркелген тұлғалар.

Құрылтайшысы тікелей мемлекет болып табылатын ұйымдар, мемлекетке тікелей тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп процентін (Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылар, акционерлер) мемлекеттік жекеменшік әріптестік  туралы келісімге сәйкес құрылған тұлғалар), олармен аффилиирленген тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде тіркелген және коммерциялық емес ұйымдар.

Жеңілдетілген несие берілген соң қарыз алушыға қойылатын талаптар?

Бағдарлама механизмінің 5-тармағы бойынша, несие алған кәсіпкер жалпы классификатор тізімінде бар тауарлардың кем дегенде біреуін өндіруі тиіс.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы пайыздық мөлшерлемесін төмендеткен жағдайда, қаржылай көмек алғаннан екі жыл өткен соң жұмыс орын санын сақтап қалуға немесе көбейтуге, болмаса кіріс көлемін 10% арттыруға міндетті.

180 млн теңгеге дейінгі жобаларға қатысу үшін өзіңнің де сол жерде болуың шарт па?

Әлеуетті жобаларды несиелеу механизімінде  ондай талаптар қарастырылмаған.

Алған қаржыны бұрынғы несиені қайта қарауға жұмсауға бола ма?

Бөлінген қаржыны бұндай мақсатқа пайдалануға тиым салынады.

Мемлекеттік субсидияларды қалай алуға болады?

Бизнесті қолдау мен дамыту аясында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша  мемлекеттік субсидия алғысы келген кәсіпкер мына қадамдарды жасауы керек:

Әуелі банкке барып өтініш жазады.

Банк жобаның өміршеңдігін, болашағы бар-жоғын анықтап, баңғамдайды.

Көңілге қонымды шешім шыққан жағдайда Банк кәсіпкерге жазбаша түрде хабарлама жіберіп, қаржы бөлуге дайын екендіктерін жеткізеді.

Кәсіпкер «Даму» қорына өтініш-анкетасымен және құжаттар топтамасымен келеді. Жобаны қаржыландыру жайлы шешімді  «Даму» шығарады.

«Даму» қоры хаттама көшірмесін банкке және кәсіпкерге жібереді.

Банк, кәсіпкер және «Даму» қоры субсидиялау жайлы үш жақты келісімге қол қояды.

100%  айналым қосу үшін кәсіпкер несие алуына бола ма?  

Агроөнеркісіптік кешен өндірісі бойынша  мұндай несие алуға болады.

Стартап-жобаларға айрықша талаптар бар ма?

Мұндай механизм қарастырылмаған. Стартап жобалар 2017-2021 жылдар аралығында жаппай кәсіпкерлікке баулыдың «Еңбек» бағдарламасы аясында қолдау ала алады.

Қаржы мекемесінің уәкілетті органының субсидиялау туралы шешімі қабылданған күннен бастап екі қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының немесе кірістердің орташа жылдық санын 10%-ға арттыру / сақтау талаптарын сақтамаған жағдайда кәсіпкерге қандай шаралар қолданылуы мүмкін?

Мұндай жағдайда қаржы агентігі кәсіпкерге субсидия беруді тоқтатады.

Банк субсидиялау туралы шешім қабылданған күнге дейін ұстап қалатын кәсіпкерлік комиссияларды, төлемдерді, немесе басқа да төлемдерді өтеуге міндетті ме?

Ағымдағы қарызды субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда, банк ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы мекемесінің осындай қарызға жеке кәсіпкерлікке қол қойылған күнінен бастап үш ай ішінде алынған комиссиялық алымдарды, басқа да төлемдерді өтейді

Несиенің мақсатты жұмсалып жатқанын қалай растауға болады?

Ол үшін экономикалық іс-әрекеттің жалпы классификатор тізімінде көрсетілген өнімдердің бір түрін шығарсаңыз жеткілікті.

Несие мерзімін 7 жылдан төмен көрсетуге бола ма?

Бағдарлама бойынша несиелеу мерзімі 7 жыл деп көрсетілген. Бірақ, 7 жылдан төмен мерзімді таңдай аласыз.

Субсидиялау күні қай күнмен белгіленеді? Келісімшарт жасасқан күнмен бе, әлде, «Дамудың» шешім шығарған күнімен бе?

Субсидиялау келісімшартын үш жақты жасасқан күннен бастап өз күшіне енеді. Ал, субсидиялау мерзімін келісімде келісімге қол қоярдан 30 күннен артық емес мерзімге белгілеуге болады.

Әлеуетті жобаларды несиелеу тізімінде жоқ тауарларды өдіретін кәсіпкерлер жеңілдетілген несиені ала ала ма?

ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 11 желтоқсанындағы №820 Қаулысына өзгеріс енген жағдайда ғана https://online.zakon.kz/document/?doc_id=33291431

Туристік аймақтарды кеңейту жоспарланған ба?

Жоба алқасы жұмыс барысында механизмді барынша жетілдіру жұмыстарны жасауда. ҚР Үкіметінің кей өңірлерді туристік аймақтарға қосу жайлы шешімі болған жағдайда бұл өзгерістер есепке алынатын болады.

Кәсіпкер бірнеше жоба бойынша жеңілдетілген несие ала ала ма?

Бір кәсіпкердің бірнеше жобалар бойынша қаржы алуына салынған тиым жоқ.

Кәсіпкер бір мезгілде  мемлекет тарапынан бірнеше қолдау ала ала ма?

Кәсіпкерге бағдарлама аясында кешенді қолдау жасалуы мүмкін.

Тізімде көрсетілген қызметтерді көрсететін комерциялық емес құқықтық формадағы ұйымдар бұл механизмге кіре ме?

Заңға сүйенер болсақ комерциялық емес ұйымдардың негізгі таза табыс көзі оның мүшелері арасында бөлінбейді. Сондықтан да комерциялық емес ұйымдар бұл несиені ала алмайды.

Субсидиялау тәртібі мен механизмі қандай құқықтық нормативтік актілер бойынша белгіленеді?

Қайта өңдеу саласындағылар үшін, агроөнеркәсіптік кешендер үшін субсидиялау тәртібі «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында белгіленеді.

Қаржы агенттігі қандай жағдайда субсидиялаудан бас тартуы мүмкін?

Бағдарлама механизмі талаптарына сай келмейтін жобалар қаржыландырылмайды.

Банктің комиссия, тәуелсіз бағалау кезінде не  болмаса басқа да төлемдер көлемін белгілеуге құқы бар ма?

Мына жағдайлардан басқа жағдайда банк қызметіне ақы алмайды:

1) несие шартының қарыз алушының сұрауы бойынша өзгеруі;
2) несие шартында көрсетілген міндеттерді қарыз алушы орындамаған жағдайда;
3) кепілге қою немесе кепілден алу кезіндегі тәуелсіз бағалау жағдайында;
4) кассалық қызметтерді пайдаланған жағдайда.

Әлеуетті жобалар тізіміндегі тауарлар қалай іріктелді?

1) Импорт көлемі 5 млн доллардан асқан жағдайда.
2) Өнімнің қол жетімділігі.
3) Жаңа технологиялардың болуы.
4) Артық өндіру болмаған жағдайда.
5) Сапасын бағалау жағдайы жасалған болса.

Банк сатып алатын құрылғыны кепіл ретінде ала ала ма?

Банктың ішкі саясаты бойынша сатып алатын құрылғыны кепіл ретінде қоюға болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы