•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 1 142

    Марал және омарта шаруашылықтарында асылдандыру жұмыстары жүргізілуде

    Суы мен нуы мол Шығыс өңірінде марал мен омарта шаруашылықтарының жақсы дамығаны белгілі. Мүйіз бен бал өндіруді ежелден кәсіп қылған облыс тұрғындары бүгінде марал басын 8 мыңнан асырса, омарта шаруашылықтарының санын 45-ке жеткізген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    Фото: ©pellegrinifarmgirl / pixabay.com

    Фото: ©pellegrinifarmgirl / pixabay.com

    Бірігудің бірқатар артықшылықтары

    Облыстық Ауыл шаруашылығы басшысының міндетін атқарушы Арман Тұрысбековтың хабарлауынша, қазіргі уақытта облыс бойынша 16 марал және 45 омарта шаруашылықтары бар көрінеді.

    «Бүгінгі таңда облыстың аудан, қалаларында 8 159 бас марал тіркелген. Сондай-ақ омарта шаруашылығы да кеңінен дамуда. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы марал және омарта шаруашылықтарын кооперативтерге біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Атап айтсақ, Өскемен қаласында – «Алтайский мед», Глубокое ауданында – «Шығыс балы», Катонқарағай ауданында – «Нектар» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері сияқты үш омарта бірлестіктері құрылды. Ал марал шаруашылықтарын кооперативтерге біріктіру жұмыстары бойынша интенсивті даму жоспары бекітілген», – деді Арман Жұмаханұлы.

    Жалпы, кооперативтерге бірігу мынадай артықшылықтар беретін көрінеді:

    1) өнімді үлкен көлемде экспортқа шығаруға жол ашып, нәтижесінде жоғары табысқа қол жеткізіледі. Сондай-ақ айналым қаражатын тиімді пайдалануға және дизель отынын, тыңайтқыштарды, тұқымдар мен химикаттарды төмен бағамен сатып алуға әсер етеді;

    2) кооперативтерде еңбекті барынша жоғары ынталандыру, күш-жігерді біріктіру, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану үшін шоғырландыру мүмкіндігі бар;

    3) кооперация нарыққа жақсы бейімделуге және өзгермелі сұранысқа икемді жауап беруге мүмкіндік береді;

    4) кооперация табысты барынша әділ бөлуді, ауыл шаруагерлеріне экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

    «Бүгінгі таңда еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген 2017-2021 жылдарға арналған өңірлерді дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Аталған құжатқа сәйкес, мал шаруашылығы, соның ішінде марал және омарта шаруашылықтарын дамытып, кооперациялау жоспарланған. Алдағы бес жылда маралдың және бал ара ұяларының санын ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар селекциялық асылдандыру жұмыстарын да қатар жүргізу назарда ұсталатын болады», – деп қосты жауапты тұлға.

    Қосымша қаражат бөлінсе…

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына сәйкес, 2019 жылға бюджеттен 8,6 миллиард теңге қарастырылған. 2018 жылы тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы саласында белсенді жұмыс атқаруы нәтижесінде 6,2 миллирад теңге көлемінде тауар өндірушілер алдында қарыз қалыптасты», – деді Арман Тұрысбеков.

    Осы себепті Ауыл шаруашылығы министрлігіне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау үшін қосымша қаражат бөлу жобасы ұсынылған. Облыстық басқарма өкілінің хабарлауынша, аталмыш сұраным министрлік тарапынан құпталып, қаражат бөлінген жағдайда марал және омарта шаруашылықтары субсидиялау ережесіне сәйкес субсидияланатын көрінеді.

    Қоса кетсек, Қағидаға сәйкес шаруашылықтар qoldau.kz сайтына кіріп, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы тіркеліп, субсидиялауға өтінім бере алады. Сондай-ақ аталмыш мәселеге байланысты туындаған сұрақтармен азаматтар жергілікті жерлердегі ауыл шаруашылығы бөліміне немесе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласуларына болады.

    ***

    «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйсек», бүгінде марал мүйізінен алынатын панты мен бал өнімдеріне деген қызығушылықты көрші Қытай тарапы да білдіріп отыр. Мұның бір көрінісі биылғы жылдың 26 ақпаны күні өткен қытайлық «Чарующий Восточный Казахстан, прекрасный Китай» мәдени-туристік көрмесі болды. Екі ел арасындағы туристік кластерді дамытуға бағытталған шараға облыс аумағындағы туроператорлармен қатар бұғы өсіретін шаруашылықтар, пантымен емдеу орталықтары да қатысты. Қытайлықтармен әріптес болу бірінші кезекте қызметті халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Осы ретте өңірдегі шаруагерлер алдында пантымен емдеу орталықтарының базасын кеңейтіп, көрсетілетін қызмет санын көбейту міндеті пайда болды.

    Опубликовано 02.05.2019

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Архивы

    • Опрос

      Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      11°
      2°
      Чт
      5°
      Пт
      0°
      Сб
      0°
      Вс
      2°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39