Елордаға азық-түлік тасымалдаушылар тек тізім бойынша кіргізіледі

Карантинге байланысты елордаға азық-түлік тасымалдаушылар тек тізім бойынша кіргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: stockvault.net

Қазір қала маңындағы ірі құс фабрикаларының бірі жұмыс көлігін бақылау бекеттерінен өткізу үшін рұқсат қағазын күтіп отыр. «Егер Ақмола облысы әкімдігі қалаға кіру мәселесін уақытында шешсе, тауық өнімдерін жеткізуде қиындық болмайды», – дейді өндірушілер.

Айта кетейік, қазір кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Күн сайын олар 70 тоннадан астам тауық етін және 800 мың жұмыртқа шығарады. Тауар бірден Нұр-Сұлтан қаласының сауда нүктелері мен жақын маңдағы елді мекендерге жеткізіледі.

Статистика комитетінің ақпаратына сай ақпан айында жұмыртқаның 10 данасы 299 теңге болған. Яғни қаңтарға қарағанда 5 теңгеге арзан. Бірақ бір жылда жұмыртқа бағасы шамамен 10%-ке өскен. Әлеуметтік маңызы бар тауардың қазіргі құны қандай? Оны «Нарықтағы баға» айдарында айтып береміз. Тауар құны өңірлік тілшілердің ақпаратына негізделген.

Нарықтағы баға

Қостанайда жұмыртқаның 10 данасы 230 теңге. Петропавлда да осындай баға. Ал Көкшетау дүкендерінде жұмыртқа 280 теңгеден саудаланады. Еліміздің оңтүстігінде бұл өнімнің бағасы 250 теңге төңірегінде. Ал батыста баға сәл қымбат. Ақтөбеде жұмыртқа 260 теңге. Ақтауда 320 теңге. Қарағандыда 10 дана жұмыртқа 320 теңге тұрады. Ал ең қымбат жұмыртқа Алматы мен Нұр-Сұлтанда. 400 теңге.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы