Алматы облысында бағаны тұрақтандыру үшін 5,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынды

Алматы облысында Тұрақтандыру қорына 5,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынды, Agroinfo.kz «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Сурет: «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметі

Аймақтық тұрақтандыру қорының операторы «Жетісу» ӘКК-нің дерегі бойынша қазіргі уақытта жеті түрлі тауар сатып алынған: тегістелген күріш – 225 теңге/кг; «Кудесница» маркалы күнбағыс майы – 400 теңге/л; кеспе – 180 теңге/кг; пияз – 65 теңге/кг; картоп – 80 теңге/кг; қант – 180 теңге/кг; 1-сұрыпты бидай ұны – 90 теңге/кг (қалыптық нанға бағаның өсуін тежеу мақсатында облыстың наубайханаларына арналған). Тұрақтандыру қорының қоймаларында 650 тоннаға жуық өнім бар, қалған көлемі жеткізушілерде жауапты сақтауда орналасқан.

«Аталған тауарлар Талдықорған қаласының «Жерұйық» коммуналдық базарында, сондай-ақ Рақышев 18 көшесіндегі тұрақтандыру қорының қоймасынан тікелей сатылады. Жақын арада тауарлар қаланың азық-түлік дүкендеріне жеткізілетін болады. Бүгінгі таңда олармен агенттік келісімдер жасау мәселесі пысықталу үстінде. Дүкендердің мекенжайлары біздің ресми сайтта, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланады», – деді «Жетісу» ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі департаменттің директоры Бахтияр Сембеков.

Талдықорған қаласының тұрғындары да әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сатудың маңыздылығын атап өтті.

Зейнеткер Людмила Скворцова азық-түлік алу үшін әрбір сенбі сайын коммуналдық базарға келеді.

«Бұл жерде азық-түліктердің бағасы да төмен, сапасы да жақсы. Сонымен бірге, өнімдердің барлығы біздің облыста өсіріліп, шығарылғанын білеміз. Сондықтан қажетті тауарларды осы жерден ғана сатып аламыз», – деп атап өтті зейнеткер.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сататын осындай сауда орындарының болғаы жақсы. Бағасы да көңілімізден шығады. Бүгін , картопты 80 теңгеден сатып алдым, ал басқа жерде өнім 15-20 теңгеге қымбат», – дейді қала тұрғыны Ануар Мәулетов.

Сондай-ақ, «Жетісу» ӘКК бүгінгі күні қалыпты нанның бағасын ұстап тұру мақсатында облыстағы наубайханаларға арзандатылған ұн жеткізілетінін хабарлады. Соның нәтижесінде дүкендерде нан бағасы 95 теңгеден аспайды. Әлеуметтік нан сататын дүкендердің тізімі әлеуметтік желілердегі ӘКК-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланды.

«Жетісу» ӘКК департаментінің директоры Бақтияр Сембеков тауар өндірушілерге сауда павильондарын орнату үшін жер телімдері берілетінін айтты. Мысалы, бірқатар ірі құс фабрикаларының (“Когер LTD” ЖШС, “Алель-Агро” АҚ, “Алатау Құс” ЖШС, “Сұңқар” ЖШС, “Сарыбұлақ” ЖШС) және ірі сүт өнімдерін өндірушілердің (“JLC Сүт” ЖШС, “Үштөбе-Айдын” ЖШС және т.б.) өнімдері жеке сауда дүкендері арқылы сатылады.

Сиыр етін өткізу мақсатында Талдықорған қаласының әкімдігі «Жерұйық» коммуналдық базарынан өндірушілерге өз өнімдерін сатуға арналған 25 сауда орнын тегін ұсынған болатын.

«Жақын арада ірі сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ең төменгі сауда үстемесімен белгіленген бағалар бойынша сату мақсатында мақсатты қарыз бөлу жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі күнбағыс майы мен тұзды қоспағанда 90%-ы Алматы облысының аумағында шығарылады. Бұл өз кезегінде азық-түлік тауарларының тұрақты бағасының сақталуына ықпал етеді», – деп атап өтті «Жетісу» корпорациясында.

Айта кетейік, Алматы облысының тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мен тұрақтандыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы