ҚР АШМ: Қытай өнімдеріне шектеу ішкі нарыққа әсер етпейді

Коронавирустың тіркелуіне байланысты өткен айда кейбір қытайлық тауарлардың импорты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: ©Pexels / pixabay.com

Мысалы, Қытайдан тірі балық және балық өнімдерін әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға шектеу қойылған. Импорттың азаюы ішкі нарыққа қалай әсер етеді? Қытайлық жеміс-жидектің орнын қай елдің тауары алмастырады?

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, мал шаруашылығы өнімдеріне енгізілген тыйым ішкі нарыққа әсер етпейді.

Коронавирус салдарынан биыл 29 қаңтарда Қытайдан тірі балық және балық өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізілді. Дегенмен, импорт көлемінің айтарлықтай көп болмауынан бұл тыйым ішкі нарыққа әсер етпейді. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Өткен жылы Қытайдан келген ауыл шаруашылығы өнімдері импорттың тек 5%-ін құраған. Ақшалай көрсеткіште бұл 193 миллион доллардан астам қаражат. Ал өсімдік шаруашылығы өнімдері импортының көлемі 192 мың тонна төңірегінде. Көрші елден негізінен цитрусты жемістер, шабдалы, жүзім және бұрыш әкелінеді. Министрліктің хабарлауынша, індеттің таралуы өсімдік шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға шектеу қойылған жағдайда, оның ішкі азық-түлік нарығына елеулі әсері болмайды. Өйткені жеміс-жидектер мен көкөністерді экспорттайтын өзге де елдер аз емес. Мысалы, цитрусты жемістер мен шабдалы бойынша ішкі қажеттілікті Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан және тағы басқа елдердің есебінен жеткізу арқылы жабуға болады.

Ал қазір «Нарықтағы баға» айдарында өңірлердегі пияз құнын шолып өтеміз. Ең арзан пияз Солтүстік Қазақстанда сатылады.

Петропавлда көкөніс 70 теңге. Түркістанда да осындай баға. Ал Қостанайда бір келі жуа 85 теңге тұрады. Еліміздің бірнеше өңірінде пияздың бағасы бірдей деңгейде. Көкшетау, Өскемен және Талдықорғанда 90 теңге. Бас шаһарда да пияз 90 теңгеге сатылады. Ал еліміздің орталығында ол 10 теңгеге қымбат. Ақтөбе мен Оралда көкөністің бағасы 100 теңге. Павлодарда 110 теңге болса, алматылықтар пиязды 150 теңгеге сатып алады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы