8 701 394-21-28

agro_info@bk.ru

Одан алынған өнімдерге ECOPRODUCT деген патент алғым келеді. Соны қалай жасаймын?

Сұрақ.

Сәлеметсіз бе. Өзімнің жеке шаруашылығым бар еді. Мен түйе, сиыр, бөдене бағамын. Солардың өнімдеріне ECOPRODUCT деп, ат қойып, соны бренд қып әрі өзіме патенттеп алғым келеді. Соны қалай жасаймын? Сіздер маған көмектесе аласыз ба?

Жағдайды анықтау

«Органикалық өнімдерді өндіру туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2015 жылғы 27 қараша­дағы № 423-V Заңы 14 бабының 3 тармағы­на сәйкес, тек «био» және «эко» сияқты белгілерді бірге немесе жеке түрде орга­никалық өнімдерді таңбалау және оны жарнамалау кезінде ғана пайдалануға жол беріледі. Заңның 14 бабының 3 тар­мағында көрсетілген белгілерден басқа кезкелген белгілерді қолдануға бол­майды, оның ішінде тауар таңбалары, сон­дай-ақ кезкелген белгілермен таңбалау және жарнамалау әдістері тұтынушыға осы өнімді немесе оның өндірісінде пай­даланылатын ингредиенттері Қазақстан органикалық өнімдерді өндіру саласын­дағы Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес жасалған деп тұтынушыны адастыруы, жаңылыстыруы мүмкін.

Жауап

Егер сұрақтың авторы Заңға сәйкес органикалық өнімді өндіруші бол­маса және органикалық өнімі, оның сер­тификаты қолында болмаған жағдайда, өз өнімін ECOPRODUCT белгісімен белгілеуге құқығы жоқ.

Жанна Батабаева

24.09.2018 ж. жауап

Для того чтобы задать вопрос в редакцию нужно:

1. Кликнуть на раздел “Задать вопрос”, заполнить указанное поле и оставить свои координаты.

2. Также Вы можете отправить нам письмо через электронную почту. Адрес: agro_info@bk.ru

Иллюстративный коллаж: АгроИнфо
Иллюстративный коллаж: АгроИнфо
Поделиться материалом
  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы