Қазақстанда сүт өнімдері 7% қымбаттады

Елімізде сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 7% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Иллюстративное фото: из открытых источников

Салыстырмалы түрде тиісті кезеңде инфляцияның жалпы деңгейі – 5,3 пайыз болса, азық-түлік өнімдері бір жылда – 8,2 пайызға, ал азық-түлік тауарлары – 8,1 пайызға қымбаттаған.

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша, елімізде шикі сүттің 1 литрі – орта есеппен 222 теңгені құраған, ал бір жыл бұрын ол 211 теңге болған. Пастерленген сүттің 1 литрі – 251 теңге, 2018 жылы ол 228 теңге шамасында болған.

Жалпы, Қазақстанда сүт өндіру көлемі ұлғайған. Өткен жылдың 11 айында 509,3 мың тонна өңделген сүт пен кілегей шығарылған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 476,3 мың тонна болған. Сүт өнімдерінің 30% – Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі.

Алматы, Ақмола және Қостанай облыстары да көш басында тұр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы