Қарағанды облысында картоп егілетін алқаптар артады

Қарағанды облысы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды. Биылғы жылы дәнді дақылдар, көкөніс және мал азықтық шөптер бір миллион гектардан астам жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: liter.kz

Осы көктемде дәнді және бұршақты дақылдар егіледі. Олар 895,5 мың гектар жерді алады. Мал азығы 64,5 мың гектар, майлы дақылдар 28,1 мың, картоп 10,6 мың гектар жерге отырғызылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 гектарға көп.

«Алдын ала талдау нәтижесі тұқымның сапасы жақсы екенін көрсетті. Тексеруге барлығы 86 мың тонна алынды», – деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашев.

Егіс алқаптары дәнді дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы арнайы ерітінділермен өңделетін болады. Бұған республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.

Биыл өңірде тыңайтқыш пен суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ нақты егін шаруашылығын дамыту жалғасады.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 10 мыңнан астам трактор, 193 егіс кешені және 6 мыңнан астам тұқым сепкіш жұмылдырылады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    От чего в наибольшей степени зависит размер урожая?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы