Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 39 миллиард теңгеге 10 мың қарыз берді

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылды жердегі кәсіпкерлікті өз қаржысымен қатар 2017-2021 жылдарға арналған  Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша тартылған қаржыдан несиелейді, деп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.

  • Осы жылдың 9 айында Қор тарапынан 39 миллиард теңгеге 10 мыңнан астам несие берілді, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров. – Жалпы, жылдың соңына дейін ауылдық шағын несиелеуге 41 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Шарттар несие алушылар үшін өте тиімді: несиелеудің мерзімі – 6,5 жылға дейін, үстеме – жылдық 6% аспайды, тиімді сыйақы үстемесі – 6,7% дейін. Несиелеу мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдетілген мерзім бекітіледі.
Фото: Пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»
Фото: Пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

2017 жылы Бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын неселеуге 16,5 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда оның 15,7 млрд теңгесі берілген. Одан бөлек 24,5 млрд теңге республикалық бюджеттен және Қордың өз қаржысынан бөлінді. Жалпы, осы жылы ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген қаржы 41 миллиард теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 миллиард теңгеге артық.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың мүшелері белсенді қаржыландырылуда. Несиелер келесі бағыттар бойынша бөлінуде: «Ынтымақ» несиелік өнім аясында – ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімін шығару және сату жөніндегі кооперативтердің дамуына; «Береке» аясында – отбасылық мал бордақылау алаңдарына; «Игілік» бойынша – мал мен құстың басын сатып алу мен көбейтуге; «Ырыс» бйоынша – отбасылық сүтті-тауарлы фермаларға. Осы бағыттар бойынша кооперативтер мен олардың мүшелеріне 20 млр теңге бөлінді.

Фото: Пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»
Фото: Пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

Нұртас Болатұлы – Шығыс Қазақстан Абай ауданындағы «Нұр-Наз Береке» кооперативінің басшысы. Кооператив осы жылдың маусым айында құрылып, 38 адамды біріктірді. Негізгі қызмет – мал бордақылау. Бүгінгі таңда кооперативтің 30 мүшесі «Береке» бағдарлама бойынша жалпы құны 76,4 млн теңгеге несие алып, 382 ІҚМ басын сатып алды. Енді шаруашылықтағы малдың саны 430-ден асты.

  • Кооперативке кірген ауылдағы шаруашылықтарда осыған дейін 50 мал басы болған. Уақыттың қысқа ғана мерзімінді несиелерді рәсімдеп, мал басын 8 есе көбейттік, – дейді Нұртас Болатұлы. – Қор ұсынып жатқан шарттар еш жерде жоқ. Елбасыға, Үкіметке, Қор филиалына үлкен алғыс айтқым келеді, мемлекеттің көмегімен біз тұрақты табыс көзіне ие болдық, отбасыларымызды асырап, ауылды көркейтудеміз. Жақын арада кооперативке мал сою бекетін сатып аламыз деген жоспар бар. Мал соятын кез де келіп қалды, Семейдегі «Северный» базарына апарып сатамыз, ол туралы келісімдер бар.

Қазіргі таңда Қор «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасымен бөлінген қаражаттың 95 пайызын игерді. Қалған 4 пайызға өтінімдер тіркелуде.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы