•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 1 059

    А. Күрішбаев: Әлемде smart agriculture – «ақылды ауылшаруашылығы» кең тараған

    Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында Қазақстанда алғаш рет Энергетика жөніндегі XІІІ халықаралық IEEE және Еуразиялық SIBCON-2017 конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.kz.

    Форум С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұйымдастыруымен өтуде. Конференцияға 10 елден 120-дан аса ғалымдар қатысып отыр.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

    «Бағдарламаға Қазақстан, ТМД, АҚШ, Германия, Польша, Украина, Беларусь, Иран, Сирия, Египет елдері ғалымдарының 167 жұмысы енді. Конференцияда телекоммуникация мен энергетика саласының өзекті мәселелері талқыланып, желіні басқару, сымсыз технология, интернет-заттар (IoT), энерготиімділік, компьютерлік өлшеу технологиясы, сигналдарды өңдеу, робототехника т.б. салаларға қатысты зерттеулер ұсынылды» – дейді ұйымдастырушылар.

    «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов еліміздің ғарыштық технологиялар саласындағы жетістіктері туралы баяндама жасады.

    Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде, электроника мен электротехника саласының жетістіктерін ұтымды қолданудың ауыл шаруашылығы саласы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

    «Әлемде smart agriculture – «ақылды ауылшаруашылығы» кең тараған. Автоматтандырылған жүйелер бұрын адамдар қолмен істеген еңбегін компьютер арқылы мыңдаған шақырымнан басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, компьютер адамға қарағанда жерге қандай тыңайтқыш керек, қанша суару керек екенін дәл есептейді. Бұл тыңайтқыштарды қолдануды 30 пайызға азайтуға, өнімнің өзіндік құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Әрі қоршаған орта үшін де қауіпсіз. Осындай озық технологиялармен танысып, оларды Қазақстан жағдайына бейімдеу үшін мүндай ғылыми басқосулардың маңызы зор», – деді университет ректоры.

    IEEE-де Scopus және WebOfScience мәліметтер қорына индекстелген электрондық IEEE Xplore жарияланымдарының мол қоры бар. Ағылшын тілінде ұсынылған барлық конференция материалдары осы кітапханаға тіркеліп, жарияланады.

    SIBCON бағдарламасы аясында NationalInstruments компаниясы дәстүрлі «Компьютерлік өлшеу технологиясы» көрмесі мен симпозиумын ұйымдастырады. IEEE (I triple E — «Ай трипл и») – Электротехника мен электроника инженерлерінің институты – техника саласындағы мамандардың халықаралық бейкоммерциялық ассоциациясы.

    Радиоэлектроника, электротехника және есептеу жүйесі мен желілері стандарттарын дайындап, аппараттық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы.

    IEEE 170 елдің 400 мыңнан астам жеке мүшелерін біріктіріп, радиоэлектроника, компьютер, басқару жүйесі мен электротехникаға қатысты әлемдік техникалық әдебиеттің үштен бір бөлігін шығарады. Қауымдастық Wi-Fi сияқты 900-ге жуық қолданыстағы стандарттарды әзірлеуге қатысты.

    Опубликовано 30.06.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      10°
      8°
      Пт
      12°
      Сб
      13°
      Вс
      10°
      Пн
      12°
      Вт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian