•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 2 000

    «ҚазАгроҚаржы» АҚ: беларустық ауыл шаруашылығы техникасының лизингі барынша тиімді бола түсуде

    Қазақстандық аграршылар үшін беларустық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке сатып алу барынша тиімді бола түсуде.

    «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолданыстағы – «Беларуста жасалған» бағдарламасы шеңберінде Беларусь Республикасының Үкіметі Беларуста өндірілген ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтың қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді. Лизингтік төлемдердің өтемақы мөлшері Қазақстан Республикасында белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2/3 бөлігін құрайды.

    belarus-traktor-439388

    2017 жылғы 1 сәуірден бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшері 11,0% құрайтын базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілгенін ескеретін болсақ, қазақстандық аграршылар үшін Беларусь Республикасы Үкіметінің субсидиялауы 7,33% құрайтын болады. Бұрын өтемақысы 3,67 % құраған.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңынан бастап, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемесін жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендеткен. Сөйтіп, «Беларуста жасалған» бағдарламасы бойынша тұтынушылар үшін түпкілікті мөлшерлеме шамамен 10% құрайтын болады. Бұл ретте, қазақстандық субсидияны алу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

    «Беларуста жасалған» бағдарламасы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымындағы компания – «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасында жасалған шарттың шеңберінде іске қосылған. Лизинг мерзімі бес жылдан аспайды. Лизинг бойынша сыйақы мен негізгі борыш тоқсан сайынғы негізде төленеді.

    «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі

    Опубликовано 10.04.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -7°
      -15°
      Вт
      -14°
      Ср
      -13°
      Чт
      -16°
      Пт
      -22°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian