•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 400

    Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға 5,5%-бен жеңілдетілген несие беріледі

    Биыл ауыл шаруашылығы техникасын лизингке жеңілдетілген несие арқылы алуға 4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

    Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасы аясында шаруаларды техникамен қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы жабдықтарын шығаруды дамыту қолға алынды. Осы орайда, Ақмола және Қостанайдағы кәсіпорындар базасында аз габаритті аспалы және тіркемелі техниканы шығару жоспарланған.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

    «Агротехника деген несиемен берілетін өніміміз бар. Бұл несие серіктестіктер мен лизингтік компаниялар арқылы жүзеге асады. Тікелей несие беру көлемін азайтып, басқа лизингтік компаниялар, қаржы институттар арқылы несиелендіруді арттырамыз. 4 млрд теңге сомасындағы жеңілдетілген несие толығымен серіктестіктер, лизингтік компаниялармен бірге жүзеге асырылады», – деп мәлімдеді Нармұхан Сарыбаев.

    Бұл жеңілдетілген несие отандық компаниялар өндірген аспалы және тіркемелі жабдықтарды қолданатын және шығаратын кәсіпорындарға беріледі. Лизинг шарты бойынша несие «ҚазАгро» ҰБХ қаражаты есебінен жылдық мөлшерлемесі 5,5%-бен 7-10 жылға дейін беріледі. Басты шарт – техника қазақстандық тауар өндірушінің өнімі болуы тиіс.

    «Аспалы және тіркемелі техника түрлеріне келер болсақ оларға ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғату, мал шаруашылығына қажетті құралдар, азық дайындайтын техника және топырақты өңдейтін техникалар кіреді. Қымбат техникаға жатпайды. Техникаларды қолданатын шаруаларды ғана емес, оларды шығаратын зауыттарды да қаржыландырудамыз. Бұл да ұлттық қор қаражатына жылдық мөлшерлемесі 5,5 пайызбен 12 жылға беріледі», – деп Мәлімдеді Н.Сарыбаев.

    Бұл бағдарлама техникалардың жаңаруына, шетелден келетін техникалардың азаюы мен отандық кәсіпорындар өнімдерін ғана қолдануға алып келеді. Несие беретін компанияларды «Аграрлық несие корпорациясының» ресми сайтынан көруге болады.

    Опубликовано 25.08.2017

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -5°
      -2°
      Вс
      -1°
      Пн
      -2°
      Вт
      -3°
      Ср
      -2°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian