Даниал Ахметов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ескерту жасады

Кіші және орта бизнес нысандарына ифрақұрылымды жеткізу мәселесі талқыланған кеңесте ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын сынға алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысына Абай ауданы тарапынан ірі қара мал мен жылқы өсіру жөнінде 9 жоба ұсынылған. Аудан басшысы міндетін атқарушы Бауыржан Тәттібековтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттар дайын, қаржыландыру жағы шешілсе болғаны. Алайда, Даниал Ахметов «Сулекен», «Сыбанбала», «Ержан» және «Алтынбек» шаруа қожалықтарының жұмысына жоғары баға бермеді.

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

– Маңызды мәселелерге ат үсті қараған ауыл шаруашылығы басқармасы мен Абай ауданы әкіміне қатаң ескерту жасаймын. Сіздер жем-шөп базасы, техникамен жабдықтау, өтім нарығы тұрғысынан жан-жақты талдау жүгізбедіңіздер, бірақ жобалық-сметалық құжаттарды қаржыландыруды сұрайсыздар. Бұл дұрыс емес, – деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы ірі қара малды өсіру жөніндегі барлық жобаларды кейінге қалдырып, кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Әзірге тек жылқы өсіру жөніндегі қожалықтарға қаржы бөлінбек.

Облыс әкімі Тарбағатай ауданында сүт цехын, Күршім ауданында наубайхана ашу және Глубокое ауданындағы шағын наубайхана мен кондитерлік цехты кеңейту жөніндегі үш жобаны мақұлдады. Қалған жобалар қажетті құжаттары қалыпқа келтірілгенде қарастырылмақ.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы