Қазақстан мен Венгрия ауыл шаруашылығы саласында келісімді нығайтады

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов пен Венгрия Ауыл шаруашылығы министрі Ш. Фазекаш кездесті.

Кездесуге Венгрия Республикасының Қазақстандағы елшісі А. Барани, Венгрия ұлттық ғылыми орталығының жетекшісі және Венгрия ауыл шаруашылығы Министрлігінің өкілдері қатысты.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласында көп жылдық бірлескен тәжірибиесі бар екендігін айта кету керек.

Қазақстан мен Венгрия ауыл шаруашылығы азық-түлік айналымы 2016 жылы 6,3 млн АҚШ долларын құрады.

Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда Қазақстанның Венгрияға ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 1,5 есеге өскен.

Қазақстанның Венгрияға негізгі экспорты ауыл шаруашылығы тауарларының зығыр тұқымдары, мұздатылған балық, кептірілген бұршақты көкөністердің тағы басқа түрлері.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеу және білім беру мақсатында ”Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы” мен Венгрия ұлттық аграрлық зерттеу инновациялық орталығы (NAIK) арасында келісім шартқа қол қойды.

Сонымен қатар, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, Қазақ балық шаруашылығын ғылыми-зерттеу инновациялық орталықтары Венгрия ұлттық аграрлық зерттеу инновациялық орталығымен (NAIK) өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалды.

Қ. Айтуғанов сөз соңында – «Біз табысты Венгрия ауыл шаруашылығындағы технологиясы мен жаңашылдығына мүдделіміз.

Қазақстан мен Венгрия арасындағы тікелей инвестиция тартуда инвестициялық қорының әлеуетін пайдалануымыз керек» деп атап өтті.

Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы