•  

    Рубрика: Агрономия | Бизнес | Овощеводство | Свободная тема |  Просмотры - 1 675

    Органикалық тыңайтқышқа сұраныс еселенді

    Бүгінде өнімнің сапасына әрі табиғи тазалығына баса мән беретіндердің қарасы артты. Жер-жаһандағы 160 мемлекет органикалық егіншіліктің қыр-сырына қанық. Олардың 85-де экологиялық әдісті реттейтін арнайы заңнамалық құжаттар бекітілген. Елімізде де тың бағытқа бетбұрыс бар. Бүгінгі таңда танап басында 200 мың тоннадан астам органи­калық тыңайтқыш қолданылады. Оның құлашын кеңінен сермеуіне жол ашық, алғы­шарттар да қалыптасқан. 2015 жылы биөндірісті реттейтін «Органикалық өнім өндіру туралы» заң құпталды. Оның қажеттігін отандық тауар өндірушілер де мойындайды.

    5 п фотоТұтынушының сұранысын түй­сінген шаруалар түрлі қоспа­лардан бас тартып, органи­калық тыңайтқыштарға иек артуда. Келешекте үрдіс тамырын тереңге жайып, жауын құрттары арқылы нәпақасын айыратындар қалыңдайтын көрінеді. Ұлыбританияның өзінде органикалық қалдықты жауын құрты арқылы «іріп-ші­рітетін» шаруашылықтар­дың қатары 500-ден асып жығылады. Оған қазақстан­дықтар да ден қоюда. Андрей Стрелец үшін биотыңайтқыштар кәсіпке айналды. Солтүстікқа­зақстандық шаруа табиғи гумустың өндірісін оң жолға қоюды көздеп отыр. Діттел­ген жобалар ауқымды. «Стре­лец А.В.» ЖК басшысы орга­никалық тыңайтқыштың сұйық түрін өндіретін зауытты ашуға мүдделі.

    - Андрей Викторович, әу­елі картоп өсіру арқылы нәпақаға кенелсеңіз, бүгін­де кәсібіңіздің бағытын не­ліктен ауыстыруыңызға бел будыңыз?

    - Көктемгі дала жұмыстары бойынша барлық шаруа ойдағыдай жүзеге асырылуда. Қолбайлау түйіткілдер жоқтың қасы. Биыл картопты бар-жоғы 6 гектар алқапқа еге­мін. Тұқымды алыстан дорба­ламаймын, еншімде алдын ала қамданған өз қорым бар. Жыл­да картоптың көлемін азай­туды ұйғардым. Себебі біртін­деп биогумусты өндіруге көшу межеленген. Бұл бүгінде менің негізгі кәсібіме айналып, кене­летін табысымның дені жауын құрттарын және гумусты сатуға тиесілі. Оған 2012 жылы ден қойып, әлеуметтік кәсіпкер­лік корпорация арқылы несие рәсімделді. Қаржыға Ресейден 1 миллион жауын құрты сатып алынды. Оларды көбейтіп, био­гумусты дайындауға кірісім. Оның өзіндік әдісі бар. Негізгі салмақ жауын құрттарына әрі адамның қол күшіне түседі. Шикізат ретінде органикалық қалдықтар кәдеге жарыталды. Үйілген малдың қиына құрттар жіберіледі. Шамамен 40-50 күн ішінде биогумусты алып, тыңайтқыш ретінде пайдала­нуға жол ашық.

    - Оны өткізуде маң­дайыңыз тасқа тимей ме? Отандық тауар өндіруші­лер тарапынан сұраныс бар ма?

    - Кәсіп шатқаяқтамау үшін оны аяққа нық тұрғызу қажет. Оған дендеп кірісіп, бірта­лай гранттар мен байқаулар­ды жеңіп алдым. Нәтижесінде бүгінде биогумусқа сұраныс еселенді. Маған тек теріскей­ліктер ғана емес, өзге өңірле­ріндегі шаруалар да қолқа салады. Оның ішінде Қараған­ды, Алматы, Шымкент қала­лары бар. Жыл соңына дейін 1200 тонна биогумусты нарыққа ұсыну жоспарланып отыр. Көбіне көкөніс пен жеміс-жи­дек өсірушілер биогумусқа иек артады. Маған жүгінетіндердің 60% солар құрайды. Мал шару­ашылығымен айналысатындар да қолқа салады. Олар орга­никалық тыңайтқышты алқап­тарын өңдеу үшін қолданады. Ақтөбе облысында құрыла­тын ірі ауылшаруашылық коо­ператив те биогумусты кәдеге жаратуды жоспарлап отыр.

    Тауар өндірушілер тарапынан жауын құрттарына да сұраныс елеулі. Өткен жылы алма­тылықтар 3 миллионын енші­леді. Биыл Ақтөбе облысына 2 миллион данасы жөнелтіле­ді. Қосымша 3 миллион жауын құртына тапсырыс бар.

    Қазақстандық шаруалар биогумус үшін өзге елдерге де ат арылтады. Оның қатарын­да Эстонтия, Польша, Латвия, Украина, Ресей бар.

    биогумус-и-овощи- Табиғи тыңайтқыш қаншалықты өнімділікті еселеуге мүмкіндік бере­ді? Көкөніс өсіруде оның тиімділігіне көз жеткіз­діңіз бе?

    - Өсімдіктер кез келген мине­ралдың, гербецид пен пести­цидтің 70% ғана сіңіреді. Минералдар көп, бірақ олар дақыл үшін жеткіліксіз. Сон­дықтан өз басым биогумусты қызанақты, сәбізді, орамжа­пырақты, қызылшаны және картопты өсіруде кәдеге жара­тамын. Оның арқасында 2015 жылы әрбір гектардан 42 тонна өнім бұйырды. Өнімділік біртін­деп 15-17% артатынына көзім жетті. Ал био-тыңайтқыш қол­данылмаса, онда әрбір гектар­дан жиналған 12-15 тонна кар­топке риза боласың.

    Еңбегіміз еленіп, көпші­лік тарапынан бағалануда. Өткен жылы еліміздегі үздік өндірістік кәсіпорындардың қатарынан табылып, «Атаме­кен» ҰКП арнайы «Іскер» сый­лығын иелендім. Биогумустың өнімділігі бойынша есепті жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасына, Картоп және көкөніс өсірушілер одағына жолдадым.

    - Алайда биогумустың құны дәнді дақылға бет бұрған шаруалардың қал­тасына салмақ салатыны мәшһүр. Бәлкім бұл рет­те органикалық тыңай­тқыштың өзге түрлерін бет бұру қажет болар?

    - Сөзіңіздің жаны бар. Сол­түстікқазақстандық шаруа­лар биогумусты шағын көлем­де алады. Бар гәп қаржының жоқтығына тіреледі. Биогу­мустың құны дәнді дақылдар­ды өсірушілердің қалтасын қағатыны хақ. Кей диқандар үшін оның бір тоннасын 300 мың теңгеге сатып алудың өзі мұң. Ал жұмсалған қаржының ақталуы көкөніс өсірушілер­ге қарағанда ұзақ саналады. Сондықтан сұйық биогумусты нарыққа ұсыну межеленген. Даму стратегиямызға сәйкес Алматы қаласында зауыттың іргетасын қалау жоспарлануда. Құрылғылар көрші мемлекет­тен сатып алынады. Ал шикі­зат өзіміздікі, ол үшін сыртқа ат арылтпайымыз. Инвестор­лар табылды. СҚО дүниеге кел­ген, бүгінде Сингапурда тұра­тын азаматпен өзара мәмілеге келдік. Қазіргі таңда инвестор­дың қаржыландыруын күту­деміз. Кәсіпорынды мамыр айында іске қосу көзделген, бірақ оның қолданысқа бері­луін екі айға шегеруге тура келіп отыр. Жоба өмірге жол­дама алса, зауытта жылына 3 миллион литр сұйық биогу­мус алынады. Оның 90% дән­ді дақылды өсіруге бел буған диқандар тұтынады деп күтілу­де. Құрғаққа қарағанда сұйық биогумустың құны едәуір арзан. Себебі алғашқының бір келісінен 10 келі сұйық гумус алынады. Дүкендерде оның бір литрі 580 теңге тұр­са, бізде оның құны 200 тең­гені құрайтын болады. Оның арқасында бір га 300 мың тең­ге жұмсаудың қажеттігі артта қалып, енді диқан бар-жоғы 4 мың теңгесін сұйық биогумусқа жұмсайды.

    - Өткен жылы қабыл­данған «Органикалық өнім өндіру туралы» заң да өзі­нің септігін тигізеді емес пе?

    - Сөзіңіз орынды. Толық келісемін. Органикалық өндір­іс жайлы заң қабылданып, бұл табиғи өнім мен жасанды өнім­нің ара-жігін ажыратты. Біз оның күшіне енуін тағатсызда­на күттік.

    - Бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

    Венера Мұстафина

    10.05.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    Производство органической продукции

    Органическое производство: интерес растет

    Органическое земледелие ближе, чем кажется (ФОТО)

    Принципы органического земледелия, или Как стать органическим фермером?

    Опубликовано 04.11.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      10°
      11°
      Пн
      14°
      Вт
      12°
      Ср
      13°
      Чт
      15°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39