Қазақстанда қарасорадан қағаз өндіріледі

KazHemp алдағы уақытта целлюлозаны техникалық қарасорадан алуды жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Kazhemp бас директоры Максим Скрынник қарасора өсіретін аумақты 5 мың гектарға дейін кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

«Көктемде бұл мәселені экономика тұрғысынан талдап, нақты шешімдер қабылдайтын боламыз. Мұндай техникалық мүмкіндік бар. Егер біз жерді 5 мың гектарға дейін ұлғайтатын болсақ, талшық пен дән өндірісі 6 мың және 2,8 мың тоннаға көбейеді. Бұдан өзге, көктемде техникалық қарасораны өңдейтін зауытты іске қосамыз. Ол осы 5 гектар жерді толықтай өңдеуге көмектеседі», – дейді Скрынник.

Аталған зауыт 2018 жылдың сәуір айынан бастап, толықтай іске кіріседі.

«Біз діңшені өңдеуде бірнеше қызықты бағыт барын анықтадық. Стандарттық бағыт – сіңіруші зат ретінде пайдалану. Дәлірек айтсақ, ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Әдетте оны фермаларда малға төсеніш ретінде пайдаланады. Екінші бағыт – мұнай өндірісі. Діңшені ұнтақтап, оны мұнайдың қоршаған ортаны ластауына қарсы қолдануға болады. Ал үшінші бағытты біз жуырда Жапониядан көрдік. Ол – діңшеден жақсы целлюлоза алып, қағаз-картон жасау», – дейді ол.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы