Берлинде аграрлық ғылымның даму мәселелері талқыланды

Жақында Берлинде 67 елден 1600 экспонент ұсынылған 83-ші халықаралық «Green Week-2018» ауылшаруашылық көрмесі өтті. Осы жылы да экспозиция әріптесі Болгария болды. Әлемнің 116 елінен келген бір жарым мыңнан астам неміс және шетелдік өндіруші 26 павильонда өз жетістіктерін ұсынды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Көрменің негізгі бөлігі биологиялық таза өнімдерге арналды. Халықаралық «Жасыл апта – 2018» көрмесі аясында «Неміс бизнесінің үміті – қарқынды ауыл шаруашылығы мен ауылшаруашылық кешендері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

ГФР-дағы ҚР елшілігі мен Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының көмегімен өткен іс-шараға Германия ауылшаруашылық компаниялары мен бірлестіктерінің, қарқынды өсіп келе жатқан әлем халқын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуде біздің еліміздің мүмкіндігі мол екендігін жақсы білетін неміс саясаткерлері мен экономистері қатысты.

Фото: ©Baq,kz
Фото: ©Baq,kz

Осы елдегі Қазақстан елшісі өзінің құттықтау сөзінде германиялық әріптестерімізді Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі мақсаттарымен таныстырып, АӨК-ін дамыту бөлімінде айтылған «ақылды» технологиялар ендіру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеп, әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өнімдермен шығу, өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын көбейту жайына ерекше тоқталды.

«Саяси-аграрлық диалог арқылы еліміздің ауыл шаруашылық саласын өркендетуге Германия өз тәжірибесімен қолдау көрсететінін айрықша атап өткім келеді», – деді қазақстандық елші.

ГФР азық-түлік және ауыл шаруашылық министрі К.Шмидт көрменің ашылу салтанатында өз елінің ауылшаруашылық саласы мен ғылымының технологиялық дамуын шұғыл арттыру қажеттігін айтты.

«Германияның ауылшаруашылық саласы мен ғылымының технологиялық дамуын шұғыл арттырып, органикалық өнімдерді 20 пайыз көбейтуіміз керек. Әйтпесе ел өзінің көшбасшылық орнын жоғалтады», – деді.

Бұл – озық технологиялы, ғылым мен білімді дамытуға ІЖӨ-нің 3 пайызын жұмсайтын ел министрінің көзқарасы.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Күрішбаев өз кезегінде Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымының Қазақстанды дүниежүзін азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар 5 ел қатарына енгізгеніне тоқталып, көктемде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ базасында «ақылды ауыл шаруашылығына» арналған бірінші Қазақстан-Германия аграрлық форумын өткізуді ұсынды. Нәтижесінде, ГФР азық-түлік және ауыл шаруашылық министрлігімен келісім жасалды.

«Қазақстан-Германия саяси-аграрлық диалог» жобасының жетекшісі Дитхард Рудерт екіжақты диалогтың міндетін атап өтті.

«Қазақстан-Германия саяси-аграрлық диалог» жобасының жетекшісі Дитхард Рудерт «Диалогтың ең басты міндеті – ҚР мен ГФР-ның ЖОО арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету», – деді ол.

Дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына тоқталып, АӨК пен ауылшаруашылық саласындағы жобаларды дамытуға қызығушылық білдірді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы