Елімізде тары мен ұнтақ жармасы қымбаттады

Дүкендер мен базарларда ұнтақ жармасы жылына 2% және тары 1% қымбаттады. Басқа жармалар, керісінше, арзандады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Былтыр елімізде 185,7 мың тонна күріш (жылына (+3,3%) және 70,5 мың тонна (+9,1%) түрлі жарма өндірілді.

Қазақстанда күріш егу Қызылорда облысында жақсы қолға алынған. Өңір 2017 жылы 174,9 мың тонна күріш өндірді. Бұл дегеніміз жыл сайын +3,1% қосылып отыр. Мұнда күрішті «Абзал и К» (Элита брендімен «Маржан», «Янтарь», «Лидер», «Анаит» аталымы), «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС және т.б. ірі компаниялар өсіреді.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, облыстың үш ауданындағы күріш өнімділігі бүкіл Қазақстанды қамтамасыз етуге шамасы келеді. Соңғы жылдары күрішшілер рекордтық көрсеткіштегі өнім алып жүр. Оның үстіне, мұндай жетістікке жету үшін жерді ұлғайтпай, күріш сұрпының өнімділігі арттырылған. Ауыл шаруашылық нарығы экспорттың арқасында кеңеюде.

Басқа жармаларды өндіру де жақсы дамып келеді. Өсіретін негізгі аймақтар – Павлодар облысы (27,3 мың тонна, жылына +13,7%), Астана (16,6 мың тонна, +12,5%) және ШҚО (14,3 мың тонна, жылына +9,2%).

2017 жылдағы 11 айдың қорытыныдысы бойынша, қазақстандық өндірушілер күріш пен жармаларға деген сұраныстың 95,3%-ын қамтыды. Ішкі нарықта 57,2% ресурс (өнім + импорт) қалса, өнімнің 42,8% экспортқа жөнелтілді. Сыртқа шығатын өнім жылма-жыл 56,8% көтерілді.

Дүкендер мен базарларда жарма бағасы айтарлықтай қымбаттамады, керісінше кейбір түрі арзандады.

2017 жылдың желтоқсанындағы қорытындыға сәйкес, ұнтақ жармасының бағасы 1,7% және тары 1,3% қымбаттады. Ал күріш (-0,6%), арпа жармасы (-1,2%), сұлы (-4,5%) арзандады және қарақұмық бағасы айтарлықтар түсті (бірден -28,7%).

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы