Карантинге жатқызылған 10119,73 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды
2017 жылдың қыркүйек айының 15-29 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 14 фактісі анықталды.
Ресей Федерациясынан 8 жағдайда (арпа – 166,48тонна, бидай – 77 тонна, кесілген ағаш дайындамалары – 50 текше метр және 73,75 тонна) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген және 33 текше метр ағаш дайындамаларында карантиндік объект – шыршаның қара мұртты қоңызы анықталды.
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасынан 2 жағдайда 2,065 тонна анар және нектарин өнімдерін әкелу барысында карантиндік объектілер – 2 Комсток сымыры және Шығыс жеміс жемірі анықталды, сондай-ақ Словакия елінен (шығу тегі Кения) 1 жағдайда 1200 дана гүл кесінділерінде карантиндік объект – Батыс гүл трипсі анықталды.
Оған қоса, Қырғызстаннан 2 жағдайда өнім (салмағы 9800 тонна алма, алмұрт, 2,5 тонна құлпынай) республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;
Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 10119,73 тонна және 83 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды. Карантиндік заңдылығына сәйкес залалданған өнім жойылды.
Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі