•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 348

    Ақсу қант зауыты қант қызылшасын қабылдай бастады

    10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты бүгін қант қызылшасының алғашқы легін қабылдады. Сарқан ауданының «Мажикс» СДО алқабынан дайындау пунктіне 80 тонна тәтті түбір жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Осы қуанышты оқиғамен зауыт ұжымы мен шаруаларды облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров құттықтады. Өз сөзінде Бескемпіров зауыттың қант қызылшасын алғаш қабылдау қызылшашылар үшін де, өңдеушілер үшін де, жергілікті халық үшін де ерекше оқиға екенін атап өтті. Он жыл бойы тұралап қалған Ақсу қант зауытының қалақұраушы кәсіпорын мәртебесін қайта жаңғыртатын күні де алыс емес. Ал зауыттың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және сапалы қант өндіру ісін ілгерілетуге ықпал етпек.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

    Еске салсақ, қазіргі кезде Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Қызылша жинақтау алаңы ғана емес, барлық цехтары жұмысқа дайын, жаңа құрал-жабдықтар орнатылған, барлық технологиялық процестер автоматтандырылады. Әзірге мұнда 100 адам жұмысқа тартылған, дегенмен зауыт толық іске қосылғанда мұндағы мамандар саны 650-ге жеткізілмек. Өндірістік қуатына сай маусымына 300 мың тонна шикізат өңдей алады. Ал дайын өнімнің көлемі 32-35 мың тонна болады деп жоспарланып отыр. Ақсу қант зауытын шикізатпен негізінен Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының қант қызылшасын өсірушілері қамтамасыз етпек.

    Опубликовано 28.09.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -5°
      -2°
      Вс
      -1°
      Пн
      -2°
      Вт
      -3°
      Ср
      -2°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian