•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 284

    Тиімсіз субсидиялардың саны қысқарды – АШМ

    Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    Заң жобасына өзгерістер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру үшін енгізілмек.

    tenge_009

    Аталмыш жоба еліміздегі 11 Кодекс пен 25 ҚР заңдарына өзгерістермен толықтырулар енгізуді көздейді.

    Осы орайда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков жиын барысында қандай мәселелердің талқыға түскендігін атады.

    «Биыл жүзеге асырыла бастаған мемлекеттік бағдарламада көрсетілген өзгерістерді тағы да талқылап жатырмыз. Өзгерістер алдымен субсидия механизмдеріне байланысты. Біз бұрынғы болған механизмдердің барлығын талқыладық. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары бұрын болған 65 субсидия түрінің 11-ін жойдық. Қазіргі таңда 54 түрі қалды. Екіншіден, субсидияның 40 түріне өзгеріс енгізілді», – деді ол.

    Сонымен қатар басшы бұрынғы механизмдердің заман ағымына сәйкес келмейтіндігін атап өтті. Ол шаруаларға тиімсіз екен.

    «Әрине, оның тиімділігін бұрынғымен салыстыруға келмейді. Заман өзгерді. Ол 2001-2003 жылдары қабылданған механизм ғой. Ол кезде жағдай басқа болды. Мысалы, бидайды алайық. Оның гектарына 300 теңге субсидия болатын. Ал фермердің жалпы шығыны 1 гектарға 30 мың теңгеге жететін. Сонда біз шығынның 1%-ын ғана субсидиялап келдік. Қандай тиімділік бұл субсидиядан? 2016 жылға дейін біз осы талаппен келдік», – деді вице-министр.

    Оның айтуынша, субсидиялар тиімсіз болғаннан кейін өз жұмысын тоқтатқан. Ал кейбір талаптар жемқорлыққа да жол ашқан екен.

    «Әрине. Бұл туралы сіздерге айттым. Екінші жағынан субсидия берудің механизмдері жемқорлыққа жол беретін. Мысалы, бір ауданда орта есеппен алғанда 200 гектар жер бар. Бекітілген механизм бойынша аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары барып, сол жерлерді тексеру керек болатын. Мысалы, «бидай шықты ма, шықпады ма?» деп. Содан кейін актіні әзірлеу қажет. Кейін шығарылған актінің аясында субсидия бөлінеді. Аудандағы әкімшілікте 3-4 адам отыр. «Олар 200 мың гектарды толығымен тексеріп шықты» деп кім дәлелдей алады? Сондықтан осы механизмдер өзгертілді», – деді басшы.

    Сөз соңында Төлеутай Рахымбеков шаруаларға арналған аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында диқандарға қомақты қаржылай көмек көрсетілетіндігін атап өтті.

    «Осыдан 10-15 жыл бұрын жалпы ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар көлемі 4-5 млрд теңге болатын. Ал бұл субсидияның көлемі 188 млрд теңгеге жетті. Жоба – 200 млрд теңгені құрайды. Мемлекеттің қолдауы – өте қомақты. Бұрынғы «Агробизнес-2020» бағдарламасында көбінесе ірі кәсіпорындарды, ірі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге көмек көрсетілетін. Ал қазіргі жаңа мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көмек алушылардың саны 7,5 есеге өсуі керек. Бұрын осы көмекті 67 мың азамат алса, оның санын 2021 жылға дейін 500 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

    Опубликовано 18.04.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      14°
      6°
      Пн
      10°
      Вт
      17°
      Ср
      15°
      Чт
      19°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39