Қайта өңдеу зауыттарын жүктеуге басымдық берілмек

Қайта өңдеу кешендерінің жүктелу деңгейі көңіл көншітпейді. Шикізаттың тапшылығы қолдағы зауыттардың толық қуаттылыққа көшуіне қолбайлау болып отыр. Мәселені зауыттардың бірі жеке фермерлік шаруашылықтарды ашу арқылы шешуге кіріскен. Олардың бірі Шығыс Қазақстан облысында қанатын жайған.

Қазақстанда шығарылған» белгісі бар өнімдері тұрақты түрде ішкі және сыртқы нарыққа ұсынады. Қанатын кең­ге жайған кәсіпорын күрделі кезеңдер­ді еңсеріп, бәсекеге қабілетті танылып отыр. Кәдеге жаратылатын шикізаттың 100 пайызы отандық. Шикізаттың азаюы­на байланысты қысқы маусымда зауыт­та тәулігіне 50 тонна сүт өндіріледі. Ал жазғы уақытта көрсеткіш 70 тоннаға дейін жетеді. Оның арқасында нарыққа өнім­нің 60-тан астам түрі ұсынылған. Әртүр­лі қораптағы 26 мың тонна сүт сауда орындарына жол тартады. «Шығыс-сүт» зауытының өнімі тұтынушылар арасын­да сұранысқа ие. Сүт кешені табиғи және сапалы ақпен көпшілік арасында кеңінен танымал.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

– Зауыттың жұмысы толық автомат­тандырылған. Ақты өңдеуден бастап оны қаптамаға құюға дейінгі шаруа­лар жетекші құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Майлылығы әртүр­лі пастерленген сүт, бифидоқоспалары бар сусындар, қаймақ, қатты ірімшік пен сүзбенің түрлері, сары май өндіріледі. Барлық өнімдер нормативтік құжатта­маларға, технологиялық нұсқамаларға толық жауап береді. Біздің кәсіпорын сапа менеджментінің халықаралық стандарты­на сәйкес стандартталған. Негізгі өндіріс ошағы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында орналасқан, – дейді «Шығыс-сүт» ЖШС өкілі.

Технологиялық заман қолданыстағы құрал-жабдықтарды жаңартуды талап етеді. Өнімділікті арттыру жолында қол­даныстағы құрылғыларды қалпына келті­ру және жаңа желілерді ендіруге басым­дық берілген. Серіктестіктің еліміздегі тұңғыш роботфермасы Глубокое ауданын­да орналасқан. Заманауи шаруашылықта сиыр сауу бойынша инновациялық әдіс кәдеге жаратылады. Асыл тұқымды сүтті ірі қараның өнімділігі жоғары дейді зауыт мамандары. Оның арқасында серіктестік өз күшімен зауытты шикізатпен қамта­масыз етеді. Ал жетпегені аймақтағы шаруа қожалықтардан және жеке қосалқы шаруашылықтардан жеткізіледі.

– Серіктестігіміздің жеке 4 фермерлік шаруашылығы бар. Олардан алынатын сүт тұрақты түрде зауытқа жол тартады. Сонымен қатар ақ таяқ тастам жердегі ауылдардан жиналады. Көбіне бізден 10 шақырым жерде орналасқан сүтті Шемо­наиха ауданына қолқа саламыз. Оның логистикасы оң жолға қойылған. Бірақ сапасы кейде көңілден шықпайды. Кей­біреуі сүтке су қосады, – деп өндірістің тынысын зауыт өкілі тергіштеді.

1990 жылдары тоқырауға ұшыраған сүт зауытын кәсіпкерлер еншілеп, оған жан бітірді. Нысанды қайта қалпына кел­тіру жұмыстарын жүргізуге тура келген. Қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, қолдағы құрылғыларды жөндеу нысанаға алынды. Оның арқасында технологиялық желілер іске қосылды. Олардың тілін мең­герген мамандарға іздеу салынды.

– Зауытта шикізатпен қатар дайын өнімнің сапасы жеке зертханамызда жіті қадағаланады. Шығарылған ақты сақтау мерзімі тек бірнеше күнді құрайды. Сәй­кесінше біздің өнімді шалғай облыстар мен қалаларға тасымалдаудың еш қисыны жоқ әрі тиімсіз. Алматы және Астана қала­ларына дейін жұмсалатын көлік шығын­дары үлкен. Сондықтан сүт өнімдері­нің денін облысымыздың және Павло­дардың халқы тұтынады. Қалған бөлігін Ресейдің көршілес облыстарына, әсіресе Новосібірге экспорттау оң жолға қойыл­ды. Біздің өнімге көпшілік арасында сұраныс көп. Оны өткізумен ешбір қиын­дықтар туындамайды. Тұтынушылар сау­атты. Олар сүт өнімдерін сатып алуда сақтау мерзіміне баса мән береді. Қапта­мада қысқа уақыт көрсетілсе, сүт табиғи екендігін жақсы біледі. Өнімді таңдау­да халқымыздың талғамы мен таңдауы жоғары. Тек сапаның арқасында кеңінен дамыған сүт нарығында бәсекелестік­ке төтеп берудеміз, – деп өнімді өткізудің барысына «Шығыс-зауыт» ЖШС өкілі кеңі­нен тоқталды.

Кәсіпорынға қаржылық қысылтаяңның салқыны тимеген. Зауыттың жұмысы жүйелі болғандықтан, олар үшін дағ­дарыстың ауылы алыс. «Сүт пен нан әле­уметтік маңызды өнімдер саналады. Сондықтан оған сұраныс пен қажетті­лік әрдайым жоғары деңгейде. Сәйке­сінше қуаттылықты құлдилату немесе жұмысшыларды қысқарту іспетті мәсе­лелер туындамайды», – дейді ол.

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70-90 пайызы қосалқы шаруашылықтар­да өндіріледі. Бірақ алынатын өнімге сүт және ет зауыттары қарық бола алмай отыр. Логистикадағы гәптің кесірінен қай­та өңдеу көрсеткіші бар-жоғы 30% пара- пар. «Еліміздегі қайта өңдейтін кәсіпо­рындардың қатары 400-ден астам бол­са, олардың жүктелуі 20-60% құрайды. Бұл бір мәселе. Екінші мәселеге сәйкес қолданыстағы мемлекеттік қолдау нақты мәселелерді шешуге бағытталмайды. Сон­дықтан тауар айналымында теріс көрсет­кіштер қалыптасып отыр, – деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мыр­захметов.

Келешекте елімізде 1200 ауылшару­ашылық кооператив құру межелен­ген. Олар өнімді қайта өңдеу және өткі­зу барысын қаперге мықтап алмақ. Егер өнімді тұрақты сатып алу және оны қай­та өңдеу кешендеріне жіберу мәселесіне шешімін тапса, онда аталмыш кәсіпорын­дардың жүктелу деңгейі

1,3 есе артады деп күтілуде. Құзыр­лы ведомствоның есеп-қисабына сүйен­сек, логистика қалыптасқан кезде өнім­нің бағасына қосылатын үстеме ақы 15-20 пайызға құлдилауы тиіс. Жобаның нәти­желігі сезілсе, ауыл халқы өнімдерін сату арқылы 300 млрд теңге көлемінде нәпақаға кенеледі.

Жалпы елімізде 564 кооператив құрыл­са, олардың 81-і сүт дайындауға және өндіруге бағытталған. Олардың жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаны құрайды. Францияның «Лакталис» компаниясы Батыс Қазақстан облысында құны 15 млн еуроға бағаланатын сүт өңдеу зауытының құрылысына қаржы құяды. Басқа шетел­дік компания Оңтүстік Қазақстанда құны 25 млн долларын құрайтын түйе және бие сүтін өңдеу зауытын қаржыландырмақ. Егер жоба толық қуатына көшсе, тәулігіне 100 тонна өнім өңделеді, – деп мәселе­нің мәнісін ҚР Ауыл шаруашылығы мини­стрі Мал шаруашылығы және мал шару­ашылығы өнімдерін қайта өңдеу департа­ментінің директоры Еркебұлан Ахметов.

Венера Мұстафина

Также читайте:

Мал шаруашылығы нысанаға алынды

Минсельхоз РК показал, как построить молокоприемный пункт без взноса

Сүт зауыттарын 100% жүктеу қажет

По какой цене примут молоко, если оформить ФХ? И в какой срок выделят земельный участок на ведение дойного скота?

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы