•  

    Рубрика: Бизнес | Овощеводство | Свободная тема |  Просмотры - 1 166

    Тәтті түбірдің тағдыры гектарлық субсидияға байлаулы ма?

    Отандық шикізат қат. Бұл – еліміздегі қант зауыттарының «басын ауыртып, балтырын сыздататын» мәселе. Түйіткілдің түйінін тарқату жолында тәтті түбірдің алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр. Бұл бағытта жергілікті атқамінерлер гектарлық субсидияның алдағы уақытта да сақталуын құптайды.

    Кеңестік кезеңде қант зауыт­тарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысында 18 мың га алқапқа тәтті түбір егіл­ген. Бірақ 1990 жылдары бағалы техникалық дақылдың көле­мі күрт құлдилады. Қыл аяғы бүгінде аталмыш көрсеткіш әлі де еңсерілмеген. Мұны қапер­ге алған атқамінерлер қант қызылшасының даңқын қайта­руға белді бекем буған. Оның арқасында өңірдегі қос қант зауытын отандық тәтті түбір­ге қарық ету діттеліп отыр. Биыл Жамбыл облысында 5300 га алқапта техникалық дақыл жайқалмақ. Оның көлемі өткен жылғымен пара-пар. Тәтті түбір алқабын ұлғайту межеленгені­мен, оған өткен жылы жар етіл­ген жаңашылдық қолбайлау болған.

    saharnaja-svekla7841

    - 2016 жылдан бастап егін­шілікте гектарлық демеуқар­жыландырудан бас тартыла­тыны айтылды. Соған бай­ланысты қант қызылшасын өсі­рушілердің дені кәсіптерінен бас тартты. Себебі оған жұм­салатын қаржы аз емес. Мол өнімге қарық болу үшін танап басында күнде тер төгу қажет. Сондықтан қант қызылшасын өсірушілер үшін гектарлық субсидияның тиімді екендігін­де шүбә жоқ. Бүгінде аталмыш мемлекеттік қолдаудың түрі сол күйі қалатыны мәлімдел­ді. Бірақ бұл дәл қазір егілген алқаптың көлемін өзгертпейді. Себебі өңірімізде көктемгі дала жұмыстары тәмамдалды, – деп мәселенің мән-жайын Жамбыл облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұр­жан Нұржігітов тергіштеді.

    Жергілікті диқандардың қызығушылығын ояту үшін мемлекеттік демеудің тетікте­рі қарастырылғаны мәшһүр. Жамбыл облысындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалында шағын несиелендіру бағдар­ламасы қарастырылған. 2015 жылдан бері қолға алынған «Тамшылатып суару жүйе­сін ендіру» бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 14-ке тең. Оның тең жартысы мемле­кет тарапынан демеуқаржылан­дырылады. Өткен жылы тәт­ті түбірді өсіруге ден қойған­дар тарапынан несиелендіру бағдарламасына қызығушылық байқалмаған. Биыл 1 өтінім жолданды. 11 млн.теңге көле­міндегі қаржыны «Талап» шаруа қожалығы иеленді. Жерден ризығын татқан диқан Мауыт Фазулов израильдік тамшыла­тып суару технологиясына қолқа салған. Соны жүйе қант қызылшасы егілген 50 гектар алқапқа орнатылмақ.

    Қор өкілдерінің сөзіне сүйен­сек, несиеге жүгінетіндердің қатарында алма мен пияз өсіру­шілердің қарасы қалың. Жалпы «Тамшылатып суару жүйесін ендіру» бағдарламасы бойын­ша 117 миллион 543 мың тең­ге қарастырылған. «Бұған дейін «Көктемгі дала жұмыстары» бағдарламасы бойынша шағын несие берілетін-ді. Биылғы жылы оған сәйкес қаржы бөлін­ген жоқ. Оған диқандар тара­пынан сұраныс болды, бірақ аса үлкен емес», – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бас несие мене­джері Әділет Нұрәлиев.

    Венера Мұстафина

    Также читайте:

    Фитоконтроль как один из способов сохранить урожай

    Какая она – книга истории полей?

    Тәтті түбірдің болашағы бұлыңғыр

    Господдержка растениеводства

    Опубликовано 08.12.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      -3°
      -6°
      Чт
      -6°
      Пт
      -2°
      Сб
      2°
      Вс
      -1°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39