•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 845

    Отандық қантқа қарық боламыз ба?

    Биыл тосап қайнататын кезеңде қанттың бағасы күрт шарықтағаны белгілі. Қыл аяғы кей дүкендерде оның бағасы екі есе қымбаттаған. Бар гәп отандық зауыттарға Бразилиядан жеткізілетін негізгі шикізат – қант құрағының құны өскен. Оған доллар бағамының өсуі әсер еткен. Мұндай жағдайға жол бермес үшін еліміздегі қант өндірісіне қан жүгірту қажет. Қолда бар зауыттарды жаңғыртып, олардың өндірістік қуаттылығын толық кәдеге жаратқан абзал.

    Қызығын тек қант жегенде білерсің

    Sahar_343«Гладиус-Қаратау» – тәжірибе­лі серіктестік. Шаруашылықтың іргетасы 2005 жылы қаланған. Оның тізгінін ұстаған Мұхтар Қалабатыров 16 жыл ішінде тәт­ті түбірдің қызығы мен шыжығы­на кенелген. Қыл аяғы кей жыл­дары өнімді өткізудің әлегіне байланысты алқаптар жыртыл­маған. Соңғы 2 жылда танап басындағы қам-қарекеттер қыза түсті. Өткен жылы 50 гек­тар алқапқа тәтті тамыр жемісті бұйырған. Гектар берекелігі 500 центрден айналып, 1900 тонна өнім жиналды. Биыл алқаптың аумағы 150 гектарға дейін ұлғай­ту ұйғарылды. Жоспар бойынша 2017 жылы қант қызылшасы 250 гектарда жайқалмақ.

    - Көрші аудандағы тұралаған Көксу қант зауытына жан бітіп, тәтті түбірді өткізу мәселесі шешілді. Өткен жылы өнімді 13 теңгеге тапсырып, төлемақысы бір ай ішінде қолымызға бұйыр­ды. Біздің естуімізше, биыл зауыт қант қызылшасының бір келісін 16 теңгеден қабылдайды. Тек өнімді тасымалдау мәселесі әбі­герлендіреді. Зауытқа дейінгі 55 шақырымды бағындыруға тура келеді. Еншімізде қажетті тех­никаның болуы көңілге медеу. Қазан айының орта тұсында дақылды жинауға кірісеміз. Бұған дейін жиын-терім тек қол күші­не негізделгенді. Ауылдас 100-150 адамды жалдап, 20-25 күн бойы танап басынан шықпай­тын едік. Олардың әрқайсысына күніне 1500 теңге төленді. Қал­таны қағады. Сондықтан биыл германиялық комбайн сатып алдым. Құны 70 миллион теңге­ні құрайды. 4 жылда өзін ақтайды деп ойлаймын. Себебі басқа дақылдармен салыстырғанда қант қызылшасын өсірудің тиім­ділігі жоғары, – деп өзінің үмітін шаруа білдірді.

    Серіктестік жетекшісі гектар берекелігі 500 центнерді құрай­тынына дәмеленіп отыр. Себе­бін де жайып салды: дақыл дер кезінде жерге сіңірілген, алқап­тағы арам шөптерге қарсы дәрі­леу жұмыстары жүргізілген. Тех­ника сақадай-сай. Шаруашылық құрал-жабдықтан қағажу көрмейді. Шетелдік сепкіштер кәдеге жаратылады. Олардың қызығын ауыл тұрғындары да татқан. Серіктестік дауындау орталығын ашып, көктемгі дала жұмыстары кезінде 7 шару­ашылыққа қызмет көрсеткен.

    Құлшыныс бар

    Алматы облысының Қаратал ауданы тәтті түбірмен танымал. Өткен жылы қант қызылшасының қызығын 50 шаруашылық татса, биыл олардың қатары жиырмаға ұлғайған. Бұған дейін өнімді өткі­зудің әлегінен диқандардың дені қант қызылшасына қол сілтеген.

    - Бұған дейін көрші аудан­дағы Көксу қант зауыты тоқыра­уға ұшырап, шаруалар жиналған дақылды тапсыра алмай дал болды. Өткен жылы көпшілік­тің көкейіндегі түйіткілдің түйіні тарқатылды. Онда күрделі қай­та қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Бұған дейін қант зауыты төлемақыны төлеуді 2-3 айға созатын-ды. Зауыттың басшылығымен келісімге келіп, шаруалар 10 күн ішінде тиісті қаржыларын қолдарына алды. Дақылды зауытқа дейін тасымал­дау жұмыстары біршама қиын­дық келтіреді. Бірақ ең бастысы маңдай термен өсірілген дақыл­ды өткізу бойынша келеңсіз­дік туындамайды, – деп өсім­дік шаруашылығының жайын Қаратал ауданы ауыл шару­ашылығы бөлімінің жетекші­сі Қанат Байғабылов жіпке тізді.

    sahar1

    Ауданда өсірілетін дақылдар­дың ішінде қант қызылшасы көш ілгері. Оның соңынан күріш іле­седі. Биыл 3 мың гектар алқапқа күріш себілген. Көрсеткіш өткен жылғымен пара-пар. Ауданын­дағы ірі 3 ЖШС күріш өсіруге ден қойған. Оның арқасында нәпақа табатын ұсақ шаруашылықтар­дың қатары да қалың.

    «Ауданымызда қант қызыл­шасын өсіру тиімді. Табиғат Анамыз да септігін тигізеді, жері­міз де құнарлы. 2015 жылы 560 гектар алқапқа тәтті түбірдің тұқымы сіңірілді. Гектар өнімді­лігі 340 центрден айналды. Биыл оған бет бұрғандардың қатары 2 есеге жуық артып, 940 гектар алқапқа қант қызылшасы егілді. Табиғатымыз жарылқап, дақыл жайқалды. Берекелі өнімнен дәмеліміз. Қыркүйек айының соңына қарай тәтті түбірді жинау жұмыстары басталады», – дейді ауданның бас аграрийі.

    Қант қызылшасын өсіруге білек сыбана кіріскендер мем­лекеттік қолдаудан қағылмайды. Биыл шаруалар тәтті түбірдің әр гектары үшін 30 мың теңге көлемінде демеуқаржы иелен­ген. Енді олар бұйырған өнімді зауытқа өткізсе, қосымша суб­сидия төленеді. Қайта өңдеу ошағына тапсырылған әрбір 1 тонна қант қызылшасы үшін тауар өндірушілерге 1500 теңге көлемінде демеуқаржы беріледі.

    - Демеуқаржы жеткілікті. Қант қызылшасымен айналысатын шаруашылықтар тиісті құжат­тарды бізге тапсырып, оларды облыстық деңгейдегі басқар­маға жолдадық. Тиісті қаражат облыстық бюджеттен бөліне­ді. Жалпы егін шаруашылығы бойынша облысымызға 98 мил­лион теңге көлемінде демеуқар­жы бөлінді, – деп мемлекеттік қолдаудың жайына Қанат Байға­былов тоқталды.

    Қант зауыттары жаңғыртылады

    «Агробизнес-2020» бағдар­ламасына сәйкес қант қызыл­шасының көлемін бірнеше есе ұлғайту жоспарланған. Жыл санап тәтті түбірдің алқаптары артқаны байқалады. Биыл дақыл 12,9 мың гектарға себілген. Оған дәстүрлі Алматы және Жамбыл облыстарымен қатар астықты өлке Солтүстік Қазақстан өңі­рі де бел буған. Теріскейде тәт­ті тамыр жемісті 400 гектар аумақта жайқалған.

    Алматы облысында 2014 жылы 1,2 мың, өткен жылы 4 мыңнан астам гектар алқапқа қант қызыл­шасы егілген. Биыл танап басын­дағы қам-қарекеттер қарқын алып, дақылға 6 мыңнан астам гектар аумақ бұйырған. Жергілік­ті шаруалар күзгі жиын-терімге кірісті. Оның алғашқы нәтижеле­рі көңілге медеу дейді атқаміне­рлер. Бір тәтті түбірдің салмағы 6,5-7 келіге дейін жететін көрі­неді. Алматы облысы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қант қызылшасының жалпы түсі­мі 200 мың тоннадан асады деп межеленген. Оның арқасында облыс халқының қантқа деген қажеттілігі 40 пайызға өтелмек.

    Кезінде қант өндірісімен аты шыққан Алматы облысы даңқты қайтаруға тырыспақ. Жылда тәтті түбірдің алқап­тарын көбейту діттелген. Қай­та өңдеу ошақтарының ахуалы да жіті назарға алынады. Көксу және Ескелді қант зауыттарын жаңғырту жұмыстары жалғасын таппақ. Шетелдік инвесторлар­ды тартудың арқасында тоқыра­уға ұшыраған Ақсу зауыты қайта іске қосылмақ.


     1990 жылдары еліміздегі қант қызылшасы 80 мың гек­тар алқапта жайқалған. Оның өнімділігі гектарынан 30 тоннадан айналған. Оның есебінен ішкі сұраныстың 25 пайызы өтелген екен.


    Сыртқа қол жаймау үшін отандық өндірістің қарқынын күшейту қажет. Қантқа келгенде, әлі де ұтатынымыздан гөрі ұтылатынымыз көп. Импортқа тәуелдіміз. Ресми мәліметтерді сөйлетсек, Қазақстан жылына 500 мың тоннаға жуық ақ қантты тұтынады. Бірақ оның дені Бразилия, Беларусь, Молдова іспетті мемлекеттерден жеткізіледі. Ал ішкі нарықтағы отандық қанттың үлесі бар-жоғы 10% жеткен.

    Венера Мұстафина

    10.10.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    В Алматинской области восстановят предприятие по производству сахара

    Крупнейший в Алматинской области сахарный завод восстановят после 14 лет простоя

    Учёные обсуждают: Сахарное будущее Казахстана – реально? Неиспытанная техника – риск для агрария

     Опубликовано 02.03.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      9°
      12°
      Пн
      16°
      Вт
      11°
      Ср
      13°
      Чт
      15°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39