•  

    Рубрика: Животноводство |  Просмотры - 1 582

    Мал шаруашылығы нысанаға алынды

    Бүгінде минералдық шикізаттың құны сан құбылуы – экономиканың өзге сала­ларын өркендетуге итермелейді. Өңірлердегі атқамінерлер ата кәсіпті жаңғыртып, мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруға дендеп кіріспек. 2014 жылмен салыстырғанда өткен жылы ет өндірісінің құлашы 3,4% кеңейген. Ірі қараны көбейтуге бел буған шаруа қожалықтарының қатары 10 мыңнан асады.

    krs-32Ресми деректерді тергіште­сек, 1990 жылы Қазақстандағы ет өндірісінің көлемі 1560 мың тоннаға жеткен. Бірақ бүгін­де бұл көрсеткіш әлі де еңсе­рілген жоқ. Өткен жылы елі­мізде 930,3 мың тонна ет өнім­дері өндірілсе, оның 16,1 мың тоннасы шекара асқан. Экс­портың көшін 7,3 мың тонна көрсеткішпен құс еті бастаған. Ал салқындатылған сиыр еті­нің 6,5 мың тоннасына өзге мемлекеттер қолқа салған. Енді қазақстандық еттің дәмін татуға қытайлықтар да ниет білдіруде. Оларға отандық өнімнің ветеринарлық қауі­псіздігі дәлелденсе, жылы­на шамамен 30 мың тонна ет аспан асты еліне жол тартуы кәдік. Тұрақты өткізу нарығы қалыптасса, агроқұрылымдар артылған өнімді саудалауға бас қатырмайды. Мұны өңір тіз­гінін ұстаған атқамінерлер де мойындайды.

    – Облыстың экономика­сы әртараптандырылуда. Етті мал шаруашылығы баса көңіл аударуды талап етеді. Атыра­уға еттің Оралдан немесе басқа өңірлерден әкелінуінде аса түйіткілді мәселе жоқ. Бұл аймақтардың өзара іс-қимылы аясында жүзеге асырылуда. Оларда шикізат қоры, табиғи жағдайлар іспетті объективті себептер мал шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді. Атырау облысында барлық дерлік аудандар ата кәсіп­ті дамытуға бейім емес. Бірақ «Агробизнес-2020» аясын­да кәсіпкерлерге мал шару­ашылығын дамытуға қолға­быс ету көзделіп отыр. Біз­дің мақсат – олар үшін жағ­дай жасау. Мен нақты уақытта белгілі көлемде ет шығарамыз деп айта алмаймын, бірақ бұл бағытта жұмысты жүргіземіз, – деп мәселенің мән-жайын Атырау облысының әкімі Нұр­лан Ноғаев тергіштеді.

    Оның айтуынша, әр аудан­ның, елдімекеннің табиғи ерекшеліктеріне байланысты басымдық жасалады. Бірін­де ата кәсіпті жаңғырту ныса­наға алынса, екіншісінде балық шаруашылығын қамшылауға ден қойылмақ.

    Атырау облысындағы ет өңдейтін кешендер үшін шикі­заттың тапшылығы қолбай­лау болып отыр. Әзірге оның орны өзге өңірлерден дорба­ланатын етпен толтырылуда. Бұл түйіткіл шығысқазақстан­дықтар үшін де таңсық емес. Облысқа еліміздің нарығына ұсынылатын еттің 12 пайызы тиесілі. Десек те оның 39% ғана қайта өңдеу кешенде­ріне жол тартады. Ет комби­наттары толық қуаттылыққа көшу үшін ірі қараның санын көбейту, заманауи бордақылау алаңдарын салу, түлікті асыл­дандыру жұмыстары қолға алынған. Сең қозғалып, инвес­тициялық жобалар да өмір­ге жолдама алуда. Бұл ретте шығысқазақстандық атқарушы билік қазына қаржысын жел­ге шашпай, үнемдеуге мықтап кіріскен.

    – 2015 жылдан бері өңір Даму банкімен байланыс көпірін орнатып, 22 млрд теңгеге келі­сім жасалды. Алдағы уақытта қосымша 38 млрд теңгеге келі­сім жасау көзделген. Ал жалпы қаржыландырылатын жобалар­дың құны 100 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл бюджет­ке лайықты балама. Мен 2014 жылғы даму бюджетімен салыстырған кезде сол кезді молшылық жылы деп атаймын. Онда аздаған негіздемемен кез келген жобаға қаржы бөлінді. Бірақ алтын жаңбырдың кезі өтті. Бүгінде басқаша ойлау қажет», – деп шегеледі ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

    Биылғы меже – 3 мың ірі қараға арналған бордақылау алаңы және ет өңдеу кеше­нін Көкпекті ауданында іске қосу. Оның өндірістік қуат­тылығы жылына 6 мың тоннаны құрайды деп күтілуде. 2017 жылы Аягөз ауданында жылы­на 17 мың тонна етті өңдейтін заманауи кластер бой көтер­мек. Қағаздағы жоспарға сай өңделген өнімнің 80 пайызы сыртқы нарыққа жол тар­тады. Бүгінде жобаға кіріскен «Евразия Агро Холдинг» ЖШС несие шарты құпталып, қажет­ті жер учаскесі үлестірілген. Серіктестік 1 мың ірі қара мен 50 мың қойға арналған бор­дақылау алаңын салуды діт­теп отыр. Қағаздағы іс жүзінде өмірге жолдама алса, экспорт­тық әлеуетті арттыруға жол ашылады. Себебі 2015 жылы еліміздің 9 облысы аусылдан таза аумақ мәртебесін иелен­ді. Өзге өңірлердің өтініштерін Халықаралық эпизотикалық бюро әзірге пысықтау үстінде.

    Ал аймақтағы сүт өңдей­тін кәсіпорындар үшін толық қуаттылыққа көшу сағымға айналған сыңайлы. Әзір­ге олар шамамен бар-жоғы 35 пайызға жуық жүктелген. Жергілікті атқамінерлер оның түйінін тауарлы сүт ферма­лар тарқататынына дәмеленіп отыр. Жоспар бойынша өңір­де олардың 37-сі құрылады. 2015 жылы 13 тауарлы сүт фер­масы іске қосылса, биыл оның 24-і қолданысқа тапсырылмақ. Салаға ашылатын 12 сүт қабыл­дау пунктері соны серпін бере­ді. Бұл өңдейтін кәсіпорындар­ды тұрақты түрде ақпен қамта­масыз ететініне сенім бар.

    Еліміздің бір тұрғыны жылына 60 келіден астам етті тұтынады. Таразы басында сиыр етінің үлесі басым, жан басына шаққанда 25 келіден келеді. 17,6 келі көрсеткішпен құс еті екінші орынға жайғасқан. Тұтыну бойынша үштікті қой еті түйіндейді (8 келі), ал жылқы етіне 6,2 келі тиесілі.

     Венера Мұстафина

    10.05.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    Говядина в Казахстане рискует стать деликатесом из-за перекупщиков и отсутствия господдержки

    В Казахстане создано более 3 тыс. семейных откормочных площадок

    Ангусы в Казахстане

     Опубликовано 25.10.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      10°
      14°
      Пт
      17°
      Сб
      12°
      Вс
      6°
      Пн
      9°
      Вт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39