•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 278

    Ата кәсіпке нәзік жандар да бел буған

    Агроөнеркәсіптік кешеннің тынысы оң. Жағымды көрсеткіштерді биылғы 9 айдың қорытындысы айғақтайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы ішкі көлемі 2 501,0 миллиард теңгеге жеткен. Көрсеткіш өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,9% еселенген. Тергіштесек, қайта өңдеу саласындағы ілгерілеу көңілге медеу. Көш басында Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары.

    - 2016 жылдың 9 айы бойынша азық-түлік өнімдері өндірісі көле­мінің өсімі 3,5% құрады: жарма – 44,7%, қант – 61,6%, ұн – 14,7%, өсімдік майы – 13,5%, кілегей – 10,5%, шұжық өнімдері – 9,5%, қышқыл сүт өнімдері – 5,9%. Бұл ретте сары май өндірісінің көле­мі 4,9%, ірімшік және сүзбенің 25%, құрғақ сүттің 21%, өңделген және консервіленген көкөніс­тердің 21,3%, кондитерлік өнім­дердің 2,9%, макарон өндірісі 0,75% төмендеуі байқалып отыр. Оның негізгі себептері өндірістің маусымдылығында, сондай-ақ ішкі нарықтағы арзан импорт­тың болуына байланысты отан­дық өнімді өткізуге тіреледі, – деп қорытындылады ҚР Ауыл шару­ашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.

    Коровы

    Егіншілікпен қатар мал шару­ашылығы да кеңінен қанат жаюда. Статистикалық мәлі­меттерді бағамдасақ, елімізде­гі мал басының саны 1,1 пайызға артқан. Еліміз бойынша өндір­ілген еттің деңгейі 3,2% еселен­ген. Шикізат түрінде сатудан гөрі оны ұқсатуға ден қойған­дардың қатары көбейген. Тәу­екелге бел буғандардың бірі – Айжан Нұрахметова. Нәзік жан күрделі шаруаның қиындығына қарамастан, оны ұршықтай иіріп әкетті. «Ішкі нарықты жан-жақты зерделедім. Сараптама нәти­жесінде ет өнімдеріне сұраныс жоғары екендігі анықталды», – дейді теріскей тұрғыны. Кәсіп кіріске кенелтетіне көз жеткіз­ген нәзік жан іске белсене кірі­сті. Әуелі оның жоспары түзілген. Белгілінген жұмыстарға сәйкес етті өңдеуге арналған құрал-жа­бдықтар сатып алынды. Электр ет тартқыш, вакуумды қаптаушы, тоңазыту және сүрлеу камера­лары орнатылды. Кәдеге жара­тылатын шикізаттың сапасына, санитарлық талаптардың сақта­луына баса назар аударылмақ. Өндірілетін өнім жергілікті тұту­шылардың көңілінен шығып, тіл­ді үйіретініне сенім артады.

    «Бақыт кілті – еңбекте». Бұл Гүлсан Мауина үшін басты ұстанымға айналған. Маман­дығы – ұстаз. Бірақ нәпақасын мал шаруашылығымен айыруды ұйғарған. Табыстың сырын тапқан ауылдасына жергілік­ті тұрғындар бой түзейді. Нәзік жан ауылшаруашылық коопера­тивтің тізгінін қолына алды. Бір­неше ата кәсіппен айналысатын фермерлердің басын қосқан ұйымды басқару оңайға соқпай­тыны белгілі. Бірақ Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүгі ауыр жауапты қызметті абыроймен атқарып, шаруаны дөңгелетіп отыр. Өткен жылы Гүлсан Мауинаның белсенді­лігімен «Семиполка жалыны» кооперативі құрылды. Оған 45 үлескер кірді. Әуелі жергілік­ті мүйізді ірі қараның тұқымын жақсарту мақсатында төрт асыл тұқымды бұқа сатып алынды. «Ауылшаруашылық кооперати­втің жұмысындағы негізгі қағи­да – артылған сенімді ақтау. Оның құрамына мал шару­ашылығымен айналысатын ауыл­дастарым кірді. Мен өмір бойы Шал ақын ауданының Семи­полка ауылында түтін түтеттім. Жоғары педагогикалық білімім бар. Бірақ ауылдағы мал шару­ашылығын дамытуға атсалысуды жөн санадым. Асыл тұқымды бұқаларды сатып алып, олардың жергілікті ауа райына бейімде­луі іспетті мәселелер туындады. Бірақ бізге мемлекет тарапынан ұсынылған демеуқаржы айтар­лықтай қолғабыс етті», – деп өзі­нің ойымен нәзік жан бөлісті.

    Нәзік жан да ата кәсіпке бет бұрған. Ол коопераци­яның жұмысын үйлестірумен қатар өзінің шаруашылығын да дамытуға кіріскен.

    Венера Мұстафина

    14.11.2016 ж. мақала

    Также читайте:

    Итоги развития казахстанского АПК за 9 месяцев 2016 года

    Что такое глубокая переработка зерна?

    Қолда барды ұқсатқан жөн

    Опубликовано 13.04.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      28°
      16°
      Чт
      8°
      Пт
      9°
      Сб
      11°
      Вс
      12°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian