Ақсу қант зауыты қызылша қабылдауды бастады

20 қыркүйектен бастап Ақсу қант зауыты 2019 жылдың қант қызылшасының алғашқы өнімін қабылдай бастады. Бірінші күні Ақсу және Сарқан аудандарының кәсіпкерлері кәсіпорынның дайындау пунктіне 450 тоннадан астам тәтті түбірді әкелді. Жақын арада Алакөл ауданының қызылша өсірушілері өнім жөнелтетін болады, Agroinfo.kz «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметі
Фото: «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметі

Ақсу ауданының «Ақмол» сервистік-дайындау орталығы алғашқылардың бірі болып қызылшаны зауытқа әкелді. Сервистік-дайындау орталығы 2018 жылы құрылып, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ арқылы қант қызылшасының элиталық тұқымдары мен ауыл шаруашылығы техникасын алды. Соның арқасында «Ақмол» СДО биыл қызылша алқабын 70 гектардан 110 гектарға дейін ұлғайтты.

«Биыл жақсы өнім болады деп күтіп отырмыз. Қызылшаның орташа өнімділігі гектарына 600 центнерді құрады. Бірінші күні біз кәсіпорынға 250 тонна қызылша әкелдік. Жалпы биыл 6 мың тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отырмыз», – деді «Ақмол» СДО директоры Берік Тынышбаев.

2017-2018 жылдары Ақсу қант зауыты 170,3 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, 13 мың тонна қант шығарды. Осы жылы 200 мың тонна қызылша қабылдап, 20 мың тонна таза қант құмын шығару жоспарлануда. «АқсуҚант» ЖШС бас директоры Самат Нәдірбаевтың айтуынша, қант өндірісі қазан айында басталады.

«Биыл зауытты жаңғыртудың екінші кезеңін аяқтаймыз. Бұл өз кезегінде өндірісті 4 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Үшінші кезең аяқталғаннан кейін толық өндірістік қуаттылығына көшеміз. Ол кезде кәсіпорын тәулігіне 4,5 мың тонна өнім шығара алады», – деді Самат Нәдірбаев.

Қазіргі уақытта зауытта 260 адам еңбек етеді, өндіріс басталысымен жұмысшылардың саны 550 адамға дейін артады.

Айта кетейік, Ақсу қант зауыты Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылы қайта жаңғыртылып, іске қосылды.

Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы құны 4,5 млрд теңге болатын 280 дана және 28 жабдық жиынтығы мен ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді.

Жалпы өңірде қант қызылшасын жаңғырту мен дамыту мақсатында «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен қызылша бағыты бойынша 29 сервистік-дайындау орталығы құрылған. Оларға 603 ауыл шаруашылығы техникасы және 60 мың дана егін тұқымы берілді. Сервистік-дайындау орталықтарын құру нәтижесінде қант қызылшасының жалпы көлемі 2014 жылы 24 мың тоннадан 2018 жылы 440 мың тоннаға дейін көбейген. Егістік алаңы 2014 жылы 1 200 га-дан 2019 жылы 14 мың га дейін ұлғайды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы