Жоғары өнімділікке қалай қол жеткізуге болады?

Бұл сауалдың жауабын тәжірибелі диқан, білікті басшы Әмірқан Баяндинов тергіштеді. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан шаруа қожалығының 20 жылдық тарихы бар. Бастапқыда егіншілікпен қатар мал шаруашылығы қолға алынған. Бірақ уақыт өте келе ата кәсіптен бас тарту ұйғарылды.

Фото: ©carlosfx / pixabay.com

1990 жылдардың басында эко­номикалық ахуал күрделі бола­тын. Әсіресе шағын қалалар мен ауылдардың тынысы тарыл­ды: бір кездері аты дүркіреген өндіріс ошақтары тығырыққа тірелді, экономика құлдырады, жұмыссыздық жайлады. Тұрғын­дардың дені саудаға бой ұрып, алыпсатарлықпен айналысты. Отбасын асырап, күнделік­ті нәпақа табу жолында жеке кәсібін ашуға ұмтылғандар да аз емес. Шығысқазақстандық Әмірқан Баяндинов – тәуекел­ге бел буғандардың бірі. Таң­дау ауыл шаруашылығына түсті. Әуелі қолға алған істі дөңгеле­ту оңайға соқпады. Қаржылық қысылтаяң кезінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да қат еді. Бірақ ынта мен ықылас қашанда ырысқа жетелейті­ні белгілі. Бүгінде Шемонаиха ауданы Ново-Ильинка ауылын­дағы шаруашылықтың егінші­ліктегі ісі ілгері басқан. Егістік айналымын неліктен алдын ала жоспарлаған абзал? Тиімділігі жоғары қандай дақылдарды өсір­ген жөн? Берекелі өнімге қ арық болудың сыры? Неліктен агро­технологиялық шаралардың бар­лық түйіндерін сақтау қажет? Бұл туралы «Ново-Ильинское» ЖШС директоры Әмірқан Баяндинов арнайы сұхбат барысында кеңі­нен қозғады.

– Биылғы күзгі жиын-терім­ге к өңіліңіз т олды м а? М аң­дай термен өсірілген дақылды ысырапсыз жинай алдыңыз ба?

– Әлбетте, диқандар қауымы ауа райына тәуелді. Күзгі жиын-терімге қолдағы техни­каны сайлап, тыңғылықты қам­данамыз. Бірақ жаңбыр толаста­маса, алқапта жайқалған дақыл­ды дер кезінде жинап алу қиынға соғады. Ал әбден піскен дән масақтан жерге түсе бастайды. Бұл жағдайда оны шашау шығар­май жинап алу екіталай. Биылғы тамыз айының соңы мен қыр­күйектің басы жаңбырлы бол­ды. Бірде-бір ашық күнді бос өткізмей, танап басында тер төк­тік. Еңбегіміз зая кетпеді. Танап басындағы жұмыстарды 20 қыр­күйекте тәмамдадық. Жиналған берекелі өнім – біздің басты ырысымыз.

– Сіздің егіншілікке деген көзқарасыңыз ерекше екен. Тәжірибеден бой тасала­майсыз, өсіру технологиясын әбден меңгерген дақылдарға байланбайсыз.

– Сөзіңіздің жаны бар. Нарықтың сұранысын елемеуге болмайды. Тек дәстүрлі дақыл­дарды өсірумен шектелсең, алысқа ұзай алмайсың. Дақылды егумен қатар оны өткізуді алдын ала ойластырған абзал. Егер оған бас ауыртпасаң, онда әуре-сар­саңға салынасың. Қазіргі ақпа­раттық дәуірде мәліметтердің барлығы қолыңда. Сұранысқа ие дақылдарды зерделеп, табиғи жағдайға бейімделетін түрлерін өсіруге болады. Мұндай тәжіри­беге менің көзқарасым оң. Бір­сарындылықтан аулақпын. Кері­сінше, жаңашылдыққа жақын­мын. Биыл бірінші рет қышаның сары түрін егуге бел будым. Неліктен оны таңдадым? Бірін­шіден, майлы дақылдың бұл түрі суыққа және құрғақшылыққа төзімді. Ең бастысы – біздің ауа райында өсіруге мүмкіндік бар. Екіншіден, оның майлылығы жоғары. Құрамында 35-47 пайыз болуы ықтимал. Үшіншіден, эко­номикалық жағынан тиімділі­гі өте жоғары. Әлемдік нарықта сапалы қышаны сатып алуға қызығушылық көп. Төртіншіден, дақылдың бұл түрі топырақтың құнарлығын арттыруға мүмкін­дік береді.

– Әлбетте, қыша – экспорт­тық өнім. Дақылдың бұл түрі бұрын қазақстандықтарға жат болып, тек Канадаға тән еді. Бүгінде нарықтың талап­тары мен сұранысын жергілік­ті диқандар да жетекшілікке алғаны қуантады. Қышаны бірінші жыл өсіріп, қандай ой түйдіңіз?

– Бізге сары қышаның тұқымы Калмыкия елінен жеткізілді. Әуе­лі оны жергілікті жағдайда сынап көру үшін 100 гектар алқапты бөлдік. Өсіруде ешбір қиындық жоқ. Сапалы өнімін алуды мақ­сат тұтсаңыз, технологияны мін­сіз сақтау қажет. Сары қыша 25 мамыр – 1 маусым аралығын­да егілді. Оны тыңайту, арам­шөптерден тазалау тәрізді қара­пайым агротехникалық шара­лар жүргізілді. Майлы дақылдың басқа түрлерімен салыстырған­да тезірек жетілетініне және пісе­тініне көзім жетті. Шығымдылығы да қуантты. Гектар берекелігі 18 центнерді құрады. Негізінен қышаның өнімділігі гектарынан 30 центнерге дейін жетуі мүм­кін. Құрамындағы майлылығы 45% жетіп, күнбағыстан да асып түсті. Меніңше, бұл – бірінші жыл үшін өте жақсы көрсеткіш. Сон­дықтан болар, жиналған қыша бірден сатылды. Тоннасы орта­ша а лғанда 3 00 А ҚШ д оллары­на бағаланды. Егер нарықтың талаптарына сай көрсеткіштері жоғары дақылды ұсынсаң, оны ешбір қиындықсыз өткізесің. Енді сатып алушылар қышаның алқабын ұлғайтуды өтініп отыр. 2019 жылы оның көлемін 3 есе арттырамын.

– Жылда дәнді дақылдар бойынша жоғары өнімділікке қол жеткізетініңіз мәшһүр. Бүгінде қай өнімнің шығым­дылығы сізді алаңдатады?

– Биыл 3500 гектар алқапқа дәнді және майлы дақыл егіл­ді: бидай, арпа, күнбағыс, сары қыша. Сары алтынның өнімді­лігі таза салмақта гектарынан 29 центнерді, арпа бойынша 32 центнерді, күнбағыс 25-27 цент­нерді құрады. Дәнді дақыл­дың берекелігі жоғары. Оған әрдайым қол жеткізуге тыры­самыз. Тек картоптың шығым­дылығына көңіліміз толмады. Өзге әріптестерім де «оны нелік­тен жоғарлатпайсың» деп сұрау- мен болды. Бар гәп мынада. 2008 жылдан бері картопты 100 гектар аумақта барынша табиғи жағдайда өсірдік. Суарылмайтын әдіс, қара топырақ қолданылды. Оның өнімділігі орташа алған­да 17-20 тоннаны құрады. Десек те дәмі бойынша мінсіз болды. Суарылатын әдіспен өсірілетін картоппен салыстырғанда оның үй жағдайында сақталу мерзі­мі көбірек. Егер алғашқысында екі апта ішінде ұзын ақ сабақтар пайда болса, соңғысында бір айдан кейін байқалады. Әлбетте, өзіндік құны бойынша суармалы картоп көш ілгері. Оның өнімді­лігі жоғары екендігі түсінікті. Тіп­ті кейбірі құмда өсіріліп, тыңай­тқыштар қолданады. Бұл ретте оның құрамындағы ауыр метал­дардың көлемі қандай? Зертха­налық тексеру кезінде бұл еске­ріле ме? Бұл – басқа мәселе.

Әзірге барынша органикалық әдіспен өсірілген картопқа біз­дің нарық дайын емес. Сон­дықтан биыл оны суармалы әдіс­пен өсіруді жөн санадым. 40 гек­тар аумаққа жаңбырлатып суару технологиясы орнатылды. Оның құны тамшылатып суару тех­нологиясына қарағанда төмен, бірақ суды үнемдеу жағынан ұтылатыны қынжылтады. Десек те бір гектардан орташа алғанда 40 тонна картоп жиналды.

– Бұл бағытта үнемі білім­ді жетілдіру, көш ілгері шару­ашылықтармен тәжірибе алмасу аса маңызды болар?

– Дөп бастыңыз. Бүгінде ауыл шаруашылығында озық техноло­гиялар көп. Жаңашылдықтардан құр қалмай, оларды зерделеп, қажеттісін ендірген абзал. Кез келген өңірде әлемдік стандарт­тарды бағындырған табысты шаруашылықтар бар. Олардың деңгейіне ұмтылып, тәжіри­бе алмасудан бой тасаламаған дұрыс. Егіншілікпен айналыс­саңыз, агротехникалық шара­лардың барлық кешенін орын­дау қажет. Оның біріне қол сіл­тенсе, бұл өнімнің сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Өз басым алдағы уақытта тиімді­лігі жоғары дақылдарды өсіру­ге ден қойып, егіс алқабының көлемін ұлғайтамын. Мен үшін ертеңгі күннің басымдықтарын алдын ала білу, заман ағымы­на ілесу маңызды. Бірақ техни­каны жаңартуға, қосалқы бөл­шектерді сатып алуға екінің бірі­нің қолы жете бермейді. Себе­бі оның бағасы күйіп тұр. 5-6 жыл бұрын шығындар тізімінде қосалқы бөлшектер 5-6 орында болса, бүгінде үштікті түйіндеді. Алдағы уақытта жалақыға жұм­салатын қаражаттан асып кетсе, мен таң қалмаймын.

– Тұқым сатып алуда қиын­дықтар туындамай ма?

– Елімізде тұқым шару­ашылығының ахуалы көңіл көн­шітпейді. Отандық аграрлық сала әлемдік үрдістердің тасасын­да қалып жатқаны белгілі. Сон­дықтан көбіне-көп импорттық тұқымды кәдеге жаратамыз. Алысқа көз жүгіртудің қаже­ті жоқ. Мәселен, мен арпаның франциялық тұқымын қолда­намын. Күнбағыстың тұқымы алыс шетелден жеткізіледі. Тек бидай бойынша жартылай отан­дық, өзгесі ресейлік.

– Риясыз әңгімеңізге алғыс білдіремін. Ісіңіз алға бассын!

Венера Мұстафина

08.10.2018 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы