Зеренді ауданында көктемде құрылған сүт бағытындағы кооператив көкшетаулық зауыттарға 500 тонна сүт тапсырды
Ағымдағы жылдың наурыз айында Ақмола облысында құрылған «Әлихан-Әмір» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өндіруші кәсіпорындарға күніне 2,5 тонна сүт жеткізіп тұрады. Жазғы айларда тапсырылатын өнімнің күнделікті көлемі 7-8 тоннаға жететін, деп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.
Зеренді ауданы Караозек ауылында орналасқан «Әлихан-Әмір» ӘӨК 31 шағын шаруашылықты біріктіреді. Облыс орталығынан 45 км жерде орналасқан кооператив сүтті «Milk Project» және «Natige» зауыттарына қайта өңдеуге тапсырады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Әлихан-Әмір» кооперативі мүшелерін «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті бағыттағы мал сатып алу үшін қаржыландырды. Сонымен қатар, кооперативтің өзі Қордан несие алып, модульді сүт қабылдау бекетін сатып алды. Модуль мемлекет тарапынан инвестициялық субсидияларды есепке ала отырып, жеңілдетілген жүйе бойынша сатып алынған және Қорға несиені қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде тапсырылды.
Кооператив мүшесі Қабиден Нәметовтің бұрын кішкентай қорасында екі сиыры болатын. Қордың несиелік қаржысына ол ірі қара малдың 16 басын сатып алып, қажетті мал азық дайындаған. Қазір жаңадан кең қора салып, жұбайына көмектесетін бір сауыншыны жұмысқа алды.
Емматов Қабиден, «Әлихан-Әмір» АӨК мүшесі:
– Бұрын екі сиырымыз болатын, қазір мал басын көбейтіп, сүтті кооперативке тапсыратын болдық. Бұл әдіс жақсы екен – біріншіден, сүтті өздері алып кетеді, екіншіден, біз 6 пайызбен несие алып отырмыз. Елбасына, Үкіметке осындай бағдарламалар үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Сүттен түскен ақшаға ертеңгі күнімізді ұайымдамай, отбасыларымызды асырап отырмыз.
Ауыл тұрғындары мал азықты бірігіп дайындайды – шөп шабу, оны жеткізу жұмыстары ортақ техникамен жүргізіледі. Өнімнің сапасы жақсы – сүт қабылдайтын азаматтар оның сапасын қатаң қадағалайды.
«Әлихан-Әмір» АӨК төрағасы өз бизнесін 2004 жылы ескі «пирожковозбен» бастаған болатын. Қалаға өз сүтін флягамен апарып, күн көретін. Кейін туыстары мен көршілері де оған қосылып, сүтті тапсыра бастады. 2007 жылы ұсталынған УАЗ сатып алды. Кейін бірінші сүт тасымалдау көлігін алып, өнім көлемін ұлғайтты. Бірінші салқындатқышты алды. Осы жылы Қордың көмегімен модульдік сүт қабылдау бекетін сатып алып, оны Қараөзек ауылында орнатты.
Серғазинов Құнанбай, «Әлихан-Әмір» АӨК төрағасы:
– Біз сүтті кооператив мүшелерінен және ауыл тұрғындарынан қабылдаймыз – жалпы 8 ауылдағы 200 отбасыдан. Орта есеппен, бір айда олардан 15 миллион теңгеге сүт сатып аламыз. Осы жылы Көкшетаудағы қайта өңдеу зауыттарына 500 тоннадан астам сүт жеткіздік. Қазіргі таңда бізде екі танкер, төрт сүт тасымалдау көлігіміз бар.
Көкшетау қаласындағы «Natige» ЖШС филиалы басқарушысының орынбасары Өстай Әбумханның айтуынша, зауыт бұл кооперативпен құрылған кезінен бастап, жұмыс істеп келеді. Сүттің көрсеткіштері стандарттарға сай, сапасы жақсы. Ақысы аптасына бір рет төленеді. Зауыт Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басқа да кооперативтерімен ынтымақтасуға дайын, себебі өндіру қуаттылығы сүттің қосымша көлемдерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Абзал Кенжеахметов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалы директорының орынбасары:
– Ақмола облысында Қордың қатысуымен 38 кооператив құрылып, бір мыңнан астам шағын шаруашылықты біріктірді. Оның ішінде 25 – сүт, 13 – ет бағытында жұмыс істейді. Облыста кооперативтерді және олардың қатысушыларын қаржыландыруға 700 млн. теңге бағытталды. Жалпы, облысымызда Қордың барлық несие бағдарламалары бойынша 2 миллиардтан астам теңге ауылдық жобаларға бағытталды.
Бұл жұмыс ауылшаруашылық өнім көлемін ұлғайту, кәсіпорындарды шикізатпен қамту мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда.
Жалпы алғанда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қатысуымен республикада 400-ден астам кооператив құрылды, компания 5,8 мың отбасылық мал бордақылау алаңын, 134 сүт қабылдау бекетін, 54 сою бекетін, 133 мың ауылшаруашылық жануар басын сатып алуды қаржыландырды.