Оңтүстіктен 400 мың тонна бақша өнімдері бес елге экспортталды

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған. Соның ішінде бір Ресей мемлекетінің нарығына 145 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге, өңір шаруалары Көкөніс пен бақшадан басқа бұл елдерге үндік еті, сусындар мен ірі қара малға арналған азық пен балық консервілерін шығарып келеді.

Иллюстративный коллаж: АгроИнфо
Иллюстративный коллаж: АгроИнфо

Соңғы уақытта облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды қолданудың арқасында бақша өнімдерінің көлемі артты. Осының нәтижесінде, жеміс импортының үлесі 99,3 млн. долларға немесе 33,3 пайызға, ал көкөніс 6,2 млн. долларға немесе 4,8 төмендеген.

Жалпы Оңтүстік Қазақстанда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін шетел нарығына саудалауда.

Аграрлы аймақтың шаруалары көкөніспен қатар дәнді дақылдарды да экспорттауға ерекше басымдық беріп келеді. Мәселен, жыл басынан бері шет мемлекеттерге құны 17,6 млн долларды құрайтын бидай мен 49,3 млн долларға ұн өнімдері экспортталған. Жалпы ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 211,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Ал импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрап, 4 пайызға кеміген.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы