•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 524

    Биыл мемлекет тарапынан 12 кооператив қаржыландырылады

    Осы жылы 12 ауыл шаруашылық кооперативі қаржыландырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұxамедиева айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    «Биылғы жылдың наурыз айында Холдинг көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін 60 млрд.теңге көлемінде жыл сайынғы бюджеттік қарыз қаражатын алды. Осы жылы несиелеу механизмі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен үйлесімін тапқан және егістік алаңдарын әртараптандыруға бағытталған. Бұл үшін осы жылдың 1 сәуіріне дейін бірінші кезектегі тәртіппен 11 басым дақыл бойынша өтінімдер қабылданып, қаржыландыру жүзеге асырылды. Олар: күнбағыс, рапс, зығыр, соя, арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп. 1 сәуірден бастап барлық басқа дақыл бойынша өтінімдер қабылданып, қаржыландыру жүзеге асырыла бастады», – дейді Айгүл Мұxамедиева.

    tenge_432

    Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігімен белгіленген жоспарға сәйкес 567,7 мың гектар алаңдағы басым дақылдар қаржыландырылуы тиіс екен.

    «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің рапс, зығыр, арпа және күріш егуге қызығушылығы артып отырғаны байқалады. Сонымен бірге, тауар өндірушілердің 3 басым дақылға деген белсенділігі төмен болуын атап өту қажет. Аталған бағыттарды қаржыландыру жұмыстары қойылған жоспарға жеткенге дейін жалғасады. Биыл бюджеттен бөлінген ақша тікелей аграрлық несие корпорациясына түсті. Қаржыландыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Екінші деңгейлі банктерді қорландыру арқылы – қарыз алушылар үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме жылдық 5%-ды құрайды», – дейді «ҚазАгро» өкілі.

    Айта кетейік, корпорацияның жылдық 2%-бен екінші деңгейлі банктің кепілдігімен тікелей несиелеуі, ол ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін банктің кепілдік құнын есепке алғанда шамамен 6%-ды құрайды.

    Биыл ауыл шаруашылық кооперативтерін екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бағдарламасы жалғасады. Егер 2015 жылы қаржыландыру екі кооперативтен басталса, 2016 жылы 10 кооператив қаржыландырылған. Ал биыл 12 кооператив қаржыландыруға өтініш жасапты.

    Опубликовано 19.04.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      7°
      5°
      Пт
      1°
      Сб
      0°
      Вс
      1°
      Пн
      0°
      Вт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian