Елімізде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыру жәрмеңкесінің нәтижесінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы төмендеді.
Атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін қиярға – 58,7 %, қызанаққа – 28,7 %, жұмыртқаға – 27%, қарақұмық жармасына – 13,4 %, күнбағыс майына – 6,6 %, қантқа – 1,8 % төмендеуі байқалды.
![Иллюстративное фото](http://agroinfo.kz/wp-content/uploads/2017/07/Ceny-na-produkty-5834903.jpg)
Өнім өндірушілерден тікелей тұтынушыға жәрмеңке арқылы нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылатындай жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен, маусым айының басында қатарынан 3200 жәрмеңке өткізілді.
Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен өндірушілер арасында азық-түлік тауарларын бекітілген бағамен іске асыруға қатысты, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме бағасын 10% асырмау үшін сауда субъектілерімен меморандумға қол қойылды.
Дерек қөзі: КР АШМ Баспасөз қызметі