Ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шақыртуымен Қытай Халық Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің Астана қаласына ресми жұмыс сапары басталды.

Сапар барысында ҚР Премьер – Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметов пен Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфудың екіжақты кездесуі және Қазақ-Қытай аграрлық инвестициялық форумы бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласы бойынша әріптестігі, әсіресе, ветеринария және органика жөніндегі өзекті мәселелері, бірлескен инвестициялық жобалары талқыланды.

Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Форумды екі елдің ауыл шаруашылығы Министрлері ашты. Аталған форумның жұмысына 100-ден аса бизнес, білім және ғылым өкілдері қатысты.

Қытай Халық Республикасы Қазақстанға жалпы экономикалық, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұрғысында маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында өткен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен болған кездесу барысында да Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу және инвестиция тарту маңыздылығы бірнеше рет айрықша аталып өткен болатын.

Осы жылдың ақпан айында қабылданған ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу бойынша екіжақты ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу жалғасын табуда.

Форум барысында АӨК-ке 160 млн. доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі аргарлық ынтымақтастық аясында «Үлгілік аймақ» құру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты.

«Аграрлық ынтымақтастық бойынша «Үлгілік аймақ» кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы саласында жаңа инновацияны енгізетін болады. Аталған жоба «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында жүзеге асырылады»,- деп атап өтті А.Мырзахметов.

Бұдан бөлек, Форум шеңберінде Қытай еліне қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша «Азық түлік корпорациясы» АҚ Ұлттық компаниясымен бірнеше келісімдерге қол қойылды.
– Xi’an Aijugrain & Oil Industry Group Co Ltd компаниясы арасында дәнді дақылдар мен майлы дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Келісім;
– Zhongxinjian LLC компаниясы арасында сауда-саттық бойынша Меморандум;
– Xinjiang Zhaofenghe Bio-technology Co компаниясы арасында дәнді дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Келісім.

Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мың тонна дәнді-дақыл және 100 мың тонна майлы дақылдарды экспорттауға сонымен қоса, аталған дәнді-дақыл түрлерін шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.

Форумда тағы бір қол қойылған Меморандум “Жаннур-Астана Групп” ЖШС мен Қытайдың «Тиньян Иньхай провинции Хэнань» тұқым өндіру компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жөнінде болды. Аталған Келісім ҚР аумағында дәнді-дақылдарды өңдеудің оның ішінде тұқым шаруашылығында технологияны трансферттеудің толық циклын жасайды.

Қазіргі таңда бұрын қол қойылған Келісімдер бойынша рапс майын, сүт, ет, қызанақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша біріккен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Citic Group компаниясымен жүргізген ынтымақтастық барысында бидай және бидайдың сабанын өңдеу бойынша екі үлкен жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Қытайдың XISEN компаниясы арасында картоп өсіретін тәжірибелік демонстративті стационар құру бойынша Келісімге және осы университетпен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында біріккен агротехпарк құру жөнінде Келісімге қол қойылды.

Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы