А. Сағитов Қазақстан мен Қытай елдерінің ғылыми-техникалық ынтымақтастығының басты бағыттарын атады

Бүгін Қазақстанның агротехникалық университеттерінің жетекшілері мен ауыл шаруашылығы мамандарының Қытай Халық Республикасына арнайы сапары аясында Солтүстік Батыс ауыл шаруашылық, орман шаруашылық ғылым-техника университетінде өткен уәкілдер үйірмесімен кеңесте Қазақстан мен Қытай елдерінің ғылыми-техникалық ынтымақтастығының басты бағыттары атап өтілді.

Қазақстан тарапынан сөз алған «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры А.Сағитов өз баяндамасында ең алдымен, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін ашу керектігін айтты.

DSC01763

«Ғылыми-білім беру кешендерін, ғылыми орталықтар мен кафедра филиалдар желісін дамыту керек. Осының аясында ғылыми-өндірістік, инновациялық құрылымдарды, яғни, технопарктер, инновациялық-технологиялық орталықтар ашылуға тиіс», – деді ол.

Ғалымның айтуынша, бірлескен ғылыми-техникалық жұмыстарға жауапкершілігі жоғары әрі тәжірибелі мамандарды тарта отырып, ғалымдардың өндірістік-баулу тағылымдамалардан өтуін жолға қойған жөн.

Сондай-ақ, А.Сағитов тәжірибелік-эксперименттік және лабораториялық зерттеу кешендерін кең ауқымда қолдану үшін күш біріктіруді ұсынды.
«Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Баспа қызметінде де ғылыми әдебиеттерді бірлесе әзірлеп, жарияласақ нұр үстіне нұр», – деп түйіндеді ғалым.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы