•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 702

    Өнім өткізу нарығы кеңейеді

    Бүгінде Қытаймен алыс-беріс күшейді. Құны 120 миллион долларға жететін отандық азық-түлік өнімдерін аспан асты елі тұтынады. Оның көлемі үш есе артады деп күтілуде. Қазақстандық тауар өндірушілер үшін жаңа өткізу нарығы ашылмақ. Отандық өнім қытайлық сауда орындарын бағындырады.

    - Алғаш рет Қытайға азық-түлік бидайын, басқа да дәнді-дақыл­дарды, асбұршақтар мен майлы дақылдар түрлерін, сондай-ақ ет пен құс жеткізу туралы келісімге келдік. Бұған дейін бізде мұндай болмаған еді. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарларын өнді­рушілеріміз үшін жол ашылып отыр. Меніңше, бұл – қуанышты жағдай. Сонымен бірге, Қытай тарапының тауар мен фитоса­нитарлық сапа жөнінде қатаң талаптары бар. Біздің шаруалар соған дайын болуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Флаги Китая и Казахстана

    Қазақстандық еттің дәмін қытайлықтар татпақ. Биылғы жылдың екінші жартысында отандық өнім аспан асты елі­не жол тартады. Әзірге әлеует­ті өткізу нарығына жол ашудың қам-қарекеттері қолға алынған. Оның өзі 4 кезеңнен тұрады: «Құжаттамалық талдау», «Вете­ринарлық қызметтің аудиті», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіз­дігін бақылау жүйесін баға­лау», «Кәсіпорындарды тізілім­ге қосу». Алғашқы екеуін қаза­қстандық тарап сәтті еңсерген. Енді Қытай өкілдері қалған екі кезеңді біріктіруге рұқсат еткен. Оның қорытындысы бойын­ша отандық кәсіпорындардың бір бөлігіне өнімді жеткізу тізі­ліміне қосылуына рұқсатна­ма берілмек. Екі ай ішінде атал­мыш рәсімдер аяқталып, біздің шаруалар өнімдерін тасымалдай алады деп күтілуде.

    Бүгінде жылына 30 мың тон­на сиыр етін және 360 мың тон­на қой етін аспан асты еліне жөнелтуге қауқарымыз бар. Тек үлкен нарықтағы ойыншылар да осал емес. «Жалғыздың үні шықпасты» мықтап қапер­ге алған атқамінерлер бәсеке­лестікке төтеп берудің амалы­на кіріскен. Отандық өнім­ді бірыңғай ортақ бренд түрін­де ұсыну діттеліп отыр. «Qazaq organic food» қытайлық тұтыну­шының дастарханынан табылып, сенімін иеленуі тиіс.

    - Аккредитацияланған ком­паниялардың көмегімен бренд­ті қалыптастыруға кірістік. Олар өндірісті тексеріп, сертифи­кат тапсырады. Оның арқасын­да жергілікті шаруалар өздері­нің өнімдеріне белгіні қойып, Қытай нарығына шыға алады», – деп қытайлық тараппен келіссөздердің барысын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бағамдады.

    Қытайда бір келі еттің құны 6-8 доллар көлемінде құбылады. Ал органикалық өнімнің бағасы одан он есе қымбат бағаланады. Мұны ескерген қазақстандық шенділер соңғысына ден қоюды діттеп отыр. Сапалы отандық етті сертификаттап, органи­калық өнім ретінде аспан асты еліне ұсыну жоспарланған.

    - Біз өз өнімімізді қайда өткі­зе алатынымызды нақты айқын­дадық. Бірегей жағдайлар жасап, 15 минут ішінде кәсіпорынды тір­кеп, барлық әкімшілік кедергі­лерді алып тастай аламыз. Бірақ өнімді өткізе алмасақ, кәсіпкер­лік тұралап қалады. Сондықтан талдау жүргізіп, болашағы зор үш алып нарықты белгіледік: ҚХР, Ресей Федерациясы және жаңа ашылған бірегей мүмкін­дік Иран. Халықтың тығыздығы мен саны үлкен нарықтар – біз үшін басымдыққа ие, – деп «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төле­міс Шотанов жұмыс барысын тіл­ге тиек етті.

    Қытайлықтар қазақстандық балыққа да қолқа салуда. Ресми мәліметтерді тергіштесек, бүгін­де балық өндірісімен айналыса­тын 24 кәсіпорын аспан асты елінің нарығын нысанаға алған. Таяуда олардың қатары тағы біреумен толығуы мүмкін. Бұл бағытта әзірге келіссөздер жүр­гізілуде. Жалпы биылғы бес ай ішінде 500 тоннаға жуық балық өнімдері Қытайға жол тартқан. Көбіне мөңке, көксерке, алабұға, шортан, ақтабан экспортталады. Енді оның жылдық көлемі 2 мың тоннаға ұлғаяды деп күтілуде.

    Еліміздің дәнді дақылына да сұраныс еселенген. 2014-2015 жылдары қазақстандық сары алтынның 110 мың тоннасын, 2015-2016 жылдары 414 мың тон­насын аспан асты елі тұтынды. Оның көлемін көбейту жолында қос тарап келіссөздер жүргізуде. 3 жыл ішінде Қытайға экспортта­латын дәнді дақылдың көлемін 1 миллион тоннаға жеткізу жайы пысықталу үстінде.

    Венера Мұстафина

    19.09.2016 ж. жауап

    Опубликовано 28.02.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -22°
      -26°
      Пн
      -28°
      Вт
      -22°
      Ср
      -10°
      Чт
      -13°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian