•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 1 654

    Алматы облысында асылтұқымды мал шаруашылықтарының саны артып келеді

    Сарқанда асылтұқымды мал шаруашылықтарының саны артып келеді.

    Алматы облысының бұл ауданында жабы жылқы, әулиекөл және қазақтың ақ бас сиырын, сондай-ақ еділбай қойын өсірумен айналысатын 10-нан астам шаруа қожалығы бар. Өңірде мал бордақылау алаңдарын көбейтіп, ұсақ шаруашылықтарды ірі кооперативтерге біріктіру жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асып жатыр.

    Сарқан ауданындағы «Арлан» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас сиырын өсірумен айналысады. Олар 8 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысынан 80 бас аналық мал мен 5 бұқа алып келген. Бұл қожалықта 300-ден астам қазақтың ақ бас сиыры бар. «Жаз бойы жайлауда жүрген мал қысқа күйлі кірді. Қазіргі күтімі де жаман емес. Сондықтан мал төлдету науқанын ойдағыдай жүзеге асырып жатқан жайымыз бар», – дейді шаруалар.

    otkorm-krs-ferma

    Жанат Бешімбеков, шаруа қожалығының басқарушысы:

    – Мал бордақылау алаңы мен соғым цехын ашамыз деген мақсатымыз бар. Қожалық биыл 40 жылқы бордақылап сатты. Қорада тағы осыншама Қамбар ата төлі байланып тұр. Той-томалақ пен садақаға семіз мал іздеген ауыл адамдары жылқыны осы жерден алып жатыр. Ал ірі қара бордақылаумен айналысатын қожалықтар сиыр етін тікелей Қытай нарығына шығарғанды жөн көреді. Себебі ел ішінде алып-сатумен пайда тапқысы келетін делдалдар өте көп.

    Бақытжан Макетов, шаруа қожалығының басқарушысы:

    – Қытайға экспорттағымыз келеді. Қытай бізге жақын болып тұр қазір. Мына Жаркент арқылы жіберсек пе деген ой болып отыр. Өзімізде олардың бағалары арзан. Бұл шаруашылық 200 бас ірі қара байлап отыр. Мал сәуір айына дейін бордақылау алаңында болады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері етті тиімді бағамен саттыққа шығару жолдарын қарастыруда.

    Ерғазы Қошанбеков, Сарқан ауданының әкімі:

    – Мал бордақылау алаңындағы шаруа қожалықтарын біріктіріп, ертең бір-ақ жерден сойылып, бір-ақ жерден қабылданып, шаруа қожалықтары алаңдамайтындай, ешқайда малын тасымайтындай жағдайды ұйымдастырғалы отырмыз. Келесі жылы осы уақытта жұмыс жасайтын боламыз. Аудан бойынша 42 мыңдай ірі қара болса, өткен жылы 8620 бас сиыр қолдан ұрықтандырылыпты. Жылқы 14 мыңға, ал қой-ешкі саны 110 мыңға жуықтап қалды. 20 адам бірігіп, «Көкөзек сүт» сүт дайындау кооперативін құрды. Олар өздеріне бөлінген 33 млн 400 мың теңгеге сүтті сиырлар сатып алды. Ал кооператив үшін 100 млн теңгеге заманауи құрал-жабдықтар алынады. «Ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру жұмысы алдағы уақытта да жалғаса беретін болады», – дейді аудан басшылары.

    Дерек көзі: 24.kz

    Опубликовано 22.02.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      28°
      13°
      Сб
      15°
      Вс
      15°
      Пн
      18°
      Вт
      15°
      Ср
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian