«Дипломмен ауылға». Жамбыл облысында 201 маман ауылды жерлерге жұмысқа орналасты

Биыл Жамбыл облысында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 201 маман ауылды жерлерге жұмысқа орналасты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Олардың басым көпшілігі білім және денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жатыр. Мемлекеттік жоба қатысушыларының 121-і білім, 55-і денсаулық сақтау, 30-ы ауыл шаруашылығы және 5 маман мәдениет пен спорт саласына тартылған. Алайда өңірде мұғалімдер мен дәрігерлер әлі де тапшы. Әсіресе Қордай, Шу, Байзақ және Жамбыл аудандарында өткір сезіліп отыр. Жалпы биыл 256 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Тағы 277 адам ауылды елді мекендерде жұмыс істеуге өтініш берген. Айта кету керек, жоба басталғалы облыста 1 мың 700 маман ауылға барған. Мамандардың пайымдауынша, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасында ауылда тапшы мамандық иелеріне басымдық беру жағы қарастырылмаған.

Сандуғаш Әбдірәлиева, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бағдарламада нақты осындай мамандыққа басымдық берілсін деген нұсқама жоқ. Кезек бойынша мамандар елді мекенге келіп өзінің өтінімін береді. Сол кезекке сәйкес оның өтінімі қарастырылады. Бұл мәселе депутаттармен де қарастырылуда. Әр өңірде қандай маманға тапшылық бар, сол бойынша басымдықты сол мамандыққа беру туралы. Бірақ бұл өзгеріс әлі жобаға енгізілген жоқ.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы