Аграрлық саланың жаңа бағыттары сараланды

Әлемде орын алып отырған қаржы-экономикалық дағдарыстың әсеріне қарамастан, елімізде әр салада индустриалды-инновациялық бағдарламалар қолға алынып, көптеген игі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта, әсіресе, мемлекетіміздің отандық агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты тың бастамаларының оң нәтиже бере бастауы көңіл қуантады, деп ҚазҰАУ Баспасөз қызметі.

Елбасы кезекті Жолдауында «Ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болуға тиіс» деп отандық агроөнеркәсіптік кешенді жаңаша бағытпен дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді. Осы орайда, ағымдағы жылдың 11 маусым күні күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі аграрлық Комитетінің көшпелі отырысы өтті. Маңызды жиын «Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті маман даярлау және ауылшаруашылық өндірісіне IT-технологияларды енгізу» тақырыбына арналды.

Фото: М. Ботабеков
Фото: М. Ботабеков

Отырыс жұмысының басты мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттемелерді жүзеге асыру барысында ауылшаруашылық өндірісіне IT технологияларды енгізу, еліміздің аграрлық саласын инновациялық бағытта кешенді дамыту, ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану, инвестиция тарту және ауылшаруашылығына білікті мамандар даярлау ісін дамыту.

Ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының қарашаңырақ оқу орнына келген қонақтарды «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Т. И. Есполов қарсы алып, жиын басында отандық агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінгі мәселелері мен алдағы мақсат-міндеттері турасында кең көлемді баяндама жасап, университет аясында аграрлық білім-ғылым-өндіріс интеграциясы тиімді іске асырылып отырғанын атап өтті.

ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы С.К.Омаров көшпелі отырысқа төрағалық жасап, түйткілді проблемаларын ортаға салып, аграрлық саланы инновациялық дамыту мәселелерін саралады. Отырсқа сонымен қатар Мәжілістегі аграрлық Комитет мүшелері, ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі Е.Н.Нысанбаев, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Ұ. Қ. Тәжібаев, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, академик Ғ. Ә. Қалиев, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің проректоры Қ. Қ. Айтуғанов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры А. М. Нәметов, Қазақстанның аграрлық жоғары оқу орындарының өкілдері, Ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, ҚР АШМ ауыл шаруашылық тәжірибе стансалары мен тәжірибелік шаруашылық мамандары, ауылшаруашылық тауар өндірушілері, ҚазҰАУ оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

Фото: М. Ботабеков
Фото: М. Ботабеков

Көшпелі отырысқа қатысушылар оқу орны базасындағы Агротехнологиялық Хаб құрамына кіретін Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік, Су, Тұрақты егін шаруашылығы, Агроөнеркәсіптік кешенге сандық технолоияларды енгізумен айналысатын Ситуациялық орталықтарымен, Инновациялық жылыжай, Коллекциялық бақ, Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) шеңберінде мамандар дайындауға арналған оқу, ғылыми-зерттеу зертханаларымен, «Н. Назарбаев білім және ғылым орталығының» жұмысымен және «Аграрлық білім-ғылым-өндіріс интеграциясы» көрмесімен, университеттің жалпы оқу-ғылыми инфрақұрылымымен танысты.

Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА академигі:

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне білікті маман дайындау бойынша университетте халықаралық студенттік тәжірбибе алмасулар, жас ғалымдар конференциялары, жазғы және қысқы мектептер және стартап-жобалар байқаулары ұйымдастырылып келеді. Тек ағымдағы жылда 200 стартап жобасы ұсынылды. Оның ішіндегі ең үздіктеріне 150-1000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

Өткен жылдың ішінде университет ғалымдары ауылшаруашылық өндірісіне енгізуге арнап 25 монография, 39 ұсыныс шығарып, патент алуға 24 оң шешім берілді. 1074 ғылыми мақала, соның ішінде импакт-факторы бар 70 мақала жарық көрді. Осы жылы байқауға қатысуға 112 өтінім берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе артық.

Ауылшаруашылық мамандықтарын дайындауда еліміздегі 3 жетекші ЖОО-мен қатар аймақтарда 20 оқу орны білім береді. Оның 7-еуі жекеменшік. Аграрлық секторға мамандар дайындау үшін гуманитарлық және басқа да профильді емес оқу орындарында мынадай мамандықтар бойынша дайындайды: «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария», «Мал шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы», «Су ресурстары және суды қолдану», «Жерге орналастыру» және тағы басқа. Көптеген жоғары оқу орындары мамандарды дайындауға тиісті инфроқұрылымдары мен тиісті ғылыми мектебі жоқ. Осының бәрі мамандар дайындау сапасын төмендетеді. Ресми есеп бойынша қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің 80 пайызы білікті мамандарға мұқтаж. Бүгінгі күні ауылда ауылшаруашылығын жақсы білетін экономистер, бухгалтерлер, менеджерлер тапшылығы сезіледі. Бұл мамандарды аграрлық ЖОО-да дайындау керек.

Фото: М. Ботабеков
Фото: М. Ботабеков

Отырыс мүшелері ҚазҰАУ ұстаз-ғалымдарымен, білім алушы жастарымен кездесіп, пікірлесті. Халық қалаулылары университет ғалымдары мен студенттерінің жинақтаған тәжірибелерімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының өндіріске енгізілгеннен кейінгі нәтижелермен, жаңа стартап-жобалармен танысты.

Жиын қорытындысы бойынша «Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті маман даярлау және ауылшаруашылық өндірісіне IT-технологияларды енгізу» бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Фото: М. Ботабеков
Фото: М. Ботабеков

Көшпелі отырыстың университеттегі кеңесінен соң аграрлық Комитет мүшелері мен ғалымдар Алматы облысы аумағында орналасқан «Amiran» Қазақ тағамтану академиясының зауытына, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және басқа да шаруашылықтарға арнайы барып, мамандармен, агробизнес өкілдерімен кездесіп, ортақ мәселелерді шешудің тиімді жолдарын талқылайтын болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы