Қазақстандық өнімдер Ингушетияға жеткізілетін болады

Қазақстанның сауда кәсіпорындарының уәкілетті қауымдастығы Ингушетия сауда үйінің бірімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Наурыз мерекесі кезінде Мәскеу облысының «Агроөнеркәсіп» агроөнеркәсіптік кластеріндегі «Foodcity» сауда үйінде таныстырылған «Қазақстан» ұлттық павильонында келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Павильонда ұлттық тағамдар мен отандық өндірушілердің өнімдерінен дегустация болды. «Қазақстан» павильоны – сауда және көрме алаңы, онда 40-тан астам отандық компаниядан шамамен екі жарым мыңдай өнім таныстырылды.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Тұтастай алғанда, Ресейдің жетпіс өңірінің сауда үйлері және агрокластердегі қырық ел бар. Бұл өндірушілерге тікелей жеткізілімдер туралы келісуге мүмкіндік береді.

«Біз елдеріміздің арасындағы экспорт-импортты жақсартқымыз келеді, тауар ағымын ұлғайтамыз, серіктестік қарым-қатынастар орнатамыз. Біз жүктерді шоғырландыруымыз керек, осы тапсырысты жасап, бағаны ұсынамыз», – деді «Dastarkhan MSK» компаниясының бас директоры Талғат Бердалиев.

Компанияның серіктестері болашақта сатып алынатын өнімдердің көлемін арттыруға ниетті.

«Біз өндірушілеріміздің өнімдерін Ингушетиядан Мәскеуге жеткіземіз, ал қайтарда ол машиналар өнімдерді Қазақстаннан экспорттайтын болады. Болашақта Қазақстаннан Ингушетияға өнімдер тікелей жеткізіліп, көлемдері арта түседі. Біз сіздердің өнімдеріңізді тексердік, бағасы сапасына сай келеді», – деді Ингушетия сауда үйінің өкілі Самир Раджабов.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы