•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 388

    Аграрлық несие корпорациясы микрокредиттеуге 20 млрд теңге ұсынады

    Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ағымдағы жылы микрокредиттеуге 20 млрд теңге бөледі. Бұл жөнінде бүгінгі өткен брифинг барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Сейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    «Корпорация әлеуметтік бастаманың төртінші бағытына, яғни, шағын несие беруді көбейтуге белсенді қатысады. Сондай-ақ, корпорация нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағытының микрокредиттеу ұйымы ретінде жүзеге асыруға қатысады. Ережеге сәйкес, микрокредиттер бағдарламаға қатысушыларға 5 жылға дейінгі мерзімге және мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімде ұсынылады. Микрокредиттің максималды сомасы 19 млн теңгені құрайды және жылдық сыйақы мөлшері 6 пайыздан аспайды. Бағдарлама аясында 2017 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жалпы сомасы 12 млрд теңгені құрайтын 2 мыңнан астам несие ұсынды. Несиелер мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сонымен қатар, ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне беріледі. Микрокреиттің көп бөлігі Алматы, ОҚО, ШҚО және Қарағанды облыстарында берілген. 2017 жылы стартап жобалар деп аталатын жаңа бизнестің ашылуына 4 млрд 600 млн теңге көлемінде 850 несие берілді. Соның ішінде, Бизнес Бастау жобаларына жалпы сомасы 3 млрд құрайтын 523 кредит берілді», – деді ол.

    Фото: ©yassineexo / pixabay.com

    Фото: ©yassineexo / pixabay.com

    Сонымен қатар, Нұржан Сейсенбаевтың мәліметіне сәйкес, жалпы, бағдарлама бойынша қаржыландыру өткен жылы 2 340-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген.

    «Аграрлық несие корпорациясы микрокредиттерді микроқаржылық ұйымдар арқылы және кредиттік серіктестіктерді қорландыру арқылы ұсынады. Бұл аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде де несие алуға мүмкіндік береді. Бүгінде біз 192 кредиттік серіктестірмен жұмыс жасаймыз», – деді АНК өкілі.

    Оның айтуынша, кредиттік серіктестіктерге қатысушылар саны күннен-күнге артып келеді және бүгінде олардың саны 13 мыңнан асқан.

    «Мемлекет басшысы жариялаған бес әлеуметтік бастама аясында микрокредиттеуге 2018 жылы тағы қосымша 20 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. Осы орайда, Аграрлық несие корпорациясы жыл басында аталған бағдарлама қатысушыларына 12 млрд теңге бөлмекші болса, онда, қазір, бес әлеуметтік бастама арқасында кредиттік серіктестіктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы бизнесті дамыту үшін 20 млрд теңге ұсыну қолға алынады», – деп түйіндеді Сейсенбаев.

    Опубликовано 05.04.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      24°
      21°
      Вс
      24°
      Пн
      23°
      Вт
      25°
      Ср
      28°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian