•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 372

    Елiмiзде тауарлы балық өсiру көлемiн көбейту көзделiп отыр – АШМ

    Елiмiзде тауарлы балық өсiру көлемiн көбейту көзделiп отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев Сенатта АШМ басшылығымен өткен кездесуде осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

    Фото: freeimages.com

    Фото: freeimages.com

    «Бүгiнгi таңда 17 қазақстандық кәсiпорын экспорттайтын балық өнiмдерiнiң сапасы Еуропалық Одақтың жоғары талаптарына сай келедi. Соңғы жылдары кәсiпорындар өздерiн жақсы жағынан көрсетiп, бұл нарық аяғынан тiк тұрды деуге болады. Сонымен қатар, балық өнiмi экспортының нарығы Қазақстан мен Қытайдың ветеринариялық сертификаты келiсiмiнiң болуы арқасында кеңейiп келедi. Бұл ретте Қытай Халық Республикасының тiзiмiне 52 отандық өндiрушi енгiзiлген. Бұдан басқа, балық өнiмi 10-нан астам мемлекетке, атап айтсақ Австрия, Германия, Грузия, Канада, Қырғызстан, Литва, Нидерланды, Польша, Ресей, Румыния, Тәжiкстан, Өзбекстан, Украина мен Чехияға экспортталуда», – дедi Нысанбаев.

    Вице-министрдiң айтуынша, 2017 жылы балық өнiмiнiң импорты алдыңғы жылдармен салыстырғанда бiршама азайған. Импорт құрамында теңiз, мұхит балықтары мен теңiз өнiмдерi басым. Олар iшкi су айдындарында ауланбайтындықтан Қазақстан нарығында сұранысқа ие болып отыр.

    «Балық өңдеу кәсiпорындары осы уақытқа дейiн iрi кәсiпшiлiк су айдындарына жақын орналасып келдi. Бұл орайда, балық өңдеудiң негiзгi көлемi Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының үлесiне тиесiлi. 72 балық өңдеу кәсiпорнының жиынтық қуаты бүгiнде жылына 87 мың тоннаны құрайды. Алайда, олардың шикiзатпен қамтамасыз етуi небәрi 43 пайызды құрайды. Сондықтан, аграрлық өнеркәсiптiк кешендi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында тауарлы балық өсiру көлемiн 2021 жылға қарай 1600 тоннадан 5 мың тоннаға дейiн көбейту болжамдалуда. Бұл өнiм өңдеу қуатының жүктемесiн арттыра түсуге мүмкiндiк бередi. Сондықтан, елiмiзде тауарлы балық өсiрудi дамыту үшiн мемлекеттiк қолдау түрлерi қарастырылған», – дедi Ерлан Нысанбаев.

     Опубликовано 28.05.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      25°
      13°
      Сб
      11°
      Вс
      19°
      Пн
      18°
      Вт
      15°
      Ср
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian