•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 420

    Ауылда бизнес ашқан әйелдердің үлесі артып келеді – АШМ

    Қазіргі таңда ауылды жерлерде бизнес ашқан әйелдердің үлесі артып келеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған бағдарламасы» аясында ауылдық жерлердегі кәсіпкер әйелдерді қаржылық және қаржылық емес тетіктер арқылы қолдау мәселесі талқыланды.

    Фото: freeimages.com

    Фото: freeimages.com

    «Біз ауылды жерлердегі кәсіпкерлерді «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы қаржыландырамыз. Өткен жылы бұл бағдарламаның бюджеті 27 млрд теңгені құрап, 6,7 мың несие берілді. Осы несиелердің 2,3 мыңын әйел кәсіпкерлер алған. Біз екі бағыт бойынша қаржыландырамыз. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы бизнесі және ауыл шаруашылық емес бизнес. Айта кетерлігі, бизнестің ауыл шаруашылық емес түрі бойынша несиені негізінен әйел адамдардың алатыны қуантады. Олар осылайша ауыл инфрақұрылымын жақсартады. Мәселен, шаштараз, тігін салондары мен наубайханалар көптеп ашылады», – деді Рүстем Құрманов тілшілерге берген сұхбатында.

    Вице-министрдің айтуынша, биылғы жылы шағын несиелендіруге 30 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Дегенмен, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында республикалық бюджеттен қосымша 13,9 млрд теңге бөлінген. Осылайша, шағын несиелендірудің жалпы бюджеті 44,7 млрд теңгені құрады.

    «Біздің мақсатымыз – 11 мың кәсіпкерді несиелендіру. Және де біз қазіргі қарқынның жақсарғанын көріп отырмыз. Мәселен, бүгінгі таңда 498 несие берілді, олардың 174-ін әйелдер алды. Өткен жылы әйелдер кәсіпкерлігінің орташа үлесі 35% болса, қазір біз бұл көрсеткіштің 43%-ға жеткенін көріп отырмыз. Яғни, біз әйелдер ерлерге қарағанда белсенді екенін байқап отырмыз. Несие қайтарымы бойынша да қарқын өте жақсы, ол шамамен 95%-ды құрайды», – деп түйіндеді Рүстем Құрманов.

    Опубликовано 07.06.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      0°
      7°
      Чт
      11°
      Пт
      5°
      Сб
      4°
      Вс
      10°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian