•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 244

    Қызылордада мектеп жанындағы жылыжай өнім бере бастады

    Қызылорда қаласында мектеп жанынан ашылған жылыжай өнім бере бастады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

    Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі өткен оқу жылында БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында «SAMSUNG» компаниясының демеушілігімен «Жылыжай» жобасының грантын ұтып алған еді. Жалпы құны 2 млн 200 мың теңге болатын жоба оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді. Жуырда жылыжайда алғашқы өнім жиналды.

    Фото: ©WildVeganGarden / pixabay.com

    Фото: ©WildVeganGarden / pixabay.com

    «Жылыжайдың іші жап-жасыл. Қияр бойын тіктеп, өнім салды. Бөлме гүлдерінің сан алуан түрлері де осында. Өсімдіктің хош иісі аңқып тұр. Жылулық бірқалыпты сақталған. Әрине, жылыжайдың жайқалуы ұстаздар, ата-аналар мен оқушылардың тынымсыз атқарған еңбегінің жемісі деуге болады», – дейді мектеп директоры Күміскүл Серекеева.

    Жабық алаңнан жылына екі рет өнім алынады. Сонымен бірге мұнда органикалық қалдықтарды ыдыратушы биогумус жасайтын құрттар өсіріледі. Бұл құраттар топырақты құнарландырады. Нәр береді. Оқушылар оқу өндірістік тәжірибеде бақша дақылдарын қалай өсірудің қыр-сырын үйренумен қатар, оны көбейту жолдарын да қарастырып жатыр. Ендігі қызанақ өсіруді қолға алмақ.

    Жылыжайдағы көкөністер израильдік әдіспен, тамшылатып суарылады. Сонымен қатар, мұнда 40-тан астам бөлме өсімдігі бар. Енді олардың қатарын көбейтіп, сирек кездесетін гүлдерді егуді жоспарлап отыр.

    «Бұл жылыжайды біз «Ізденіс жасыл академиясы» деп атағанбыз. Мұндағы мақсат – оқушыларды ауылшаруашылық саласындағы мамандықтарға баулу, қызығушылығын ояту. Сондай-ақ, осы жоба аясында оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулимын. Олар қиярды, гүлдерді өсіру тәсілдерін зерттеуде бағыт беріп отырамын», – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, биология ғылымының кандидаты Рахат Құрманбаев.

    Бүгінде жылыжайды көруге келетіндер қатары артыпты. Өзге мектептердің ұстаздары тәжірибе алмасу үшін арнайы келіп, жылыжай жұмысының қыр-сырын меңгеруде. Себебі, бұл жобаны басқа білім ошақтары да жүзеге асыруды қолдап отыр.

    «Жылыжайдан алынған өнімнен қияр салатын жасап, оны аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға берілетін тегін астың тізіміне енгізбекпіз. Бұл жөнінде білім бөліміне ұсыныс жасап, ол қолдау тапты. Оқушылар тамақтанғанда өз еңбегінің нәтижелі болғанын көріп, отандық көкөністің сұранысын арттыруға атсалысады», – дейді мектеп басшысы К.Серекеева.

    Қысы-жазы жайқалып тұратын бақшаға екінші егу жұмыстары шілде айында жүргізілмек. Қазан айында өнім жиналады. Бастысы, еселі еңбек жемісін беруде.

    Опубликовано 27.04.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      16°
      15°
      Пн
      8°
      Вт
      11°
      Ср
      16°
      Чт
      22°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian