Жыл басынан бері Қазақстанның астық экспорты 83% өсті

2018 жылдың қаңтар айында бидай мен меслин экспорты 511,1 мың тоннаны құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 83,4% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тасымалданған бидайдың жалпы құны 76,4 млн долларды құрады. Экспорттан келіп түскен табыс көлемі 72,7% өсті.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Ең көп астық Өзбекстанға жөнелтілді. Аталған мемлекет 26,6 млн долларға 228,5 мың тонна бидай сатып алды.

Тәжікстан 10,2 млн долларға 68,6 мың тонна, Ауғаныстан 10 млн долларға 61,4 мың тонна, Түркия 8,6 млн долларға 39,7 мың тонна астық сатып алды. Өз кезектерінде Қытай мен Италия 34,4 мың тонна және 32,8 мың тонна (5,6 және 7 млн долларға) астық сатып алды.

Сондай-ақ, Қазақстан қаңтар айында 47,5 млн долларға 249,9 мың тонна астық сатты. Аталған тауардың негізгі тұтынушылары Ауғаныстан (13,4 млн долларға 81,1 мың тонна) мен Өзбекстан (30,1 млн долларға 153,5 мың тонна) болды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы