Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Беларусь Республикасына Мемлекет басшысының ресми іссапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі арасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қазақстандық тараптан Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов пен Беларусь Өнеркәсіп министрі В. Вовк қол қойды, деп ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Меморандум көрсетілген салада екі елдің арасындағы жемісті ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы машинасы өндірісі мен оларды ғылыми және тәжірбиелік-конструкторлық қамтамасыз етуде Беларусь Республикасының жетістігін ескере отырып осындай ынтымақтастық біздің отандық машина жасау мүмкіндігін арттырады.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жасау бойынша бірлескен кәсіпорын бар екенін атап өту қажет. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындар техникасын шығару, олардың локализациясын арттыру және шығарылатын өнімнің түрлерін арттыру жоспарлануда.

Меморандумда жеке тармақпен Қазақстан жоғары оқу орындары оқу-ғылыми-өндірістік инфрақұрылымдарын техникалық жарақтау мәселесі сөз болды. Осы тармақтың бөлігінде бірінші кезекте Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы қ.) базасында АӨК үшін мамандар даярлау бойынша құрылған Қазақстан-Беларусь агроинженерлік орталығы арқылы іске асырылатын болады.

Аталған орталық Меморандумға сәйкес Беларусь өнімі ауыл шаруашылығы машиналарының оқу макеттерімен өтеусіз негізде жарақталатын болады, сондай-ақ Орталықпен өндіріс зауыттарынан тікелей жаңа техника үлгілерін жеңілдік жағдайында сатып алу қарастырылған.

Жалпы қол қойылған Меморандум ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен әзірленген АӨК-ті қарқынды техникалық қайта жарақтандыру Картасында қарастырылған шаралады жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы машиналары, ғылым және кадрлар даярлау саласында ынтымақтастықты ұлғайтуға және нығайтуға мүмкіндік туғызады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы