•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 439

    Шағын несие бизнестің дамуына серпін беріп, халықтың жағдайын жақсартады – Азат Перуашев

    Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтарға өз ісін бастау үшін шағын несие беруді жалғастыру керек екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізе беруді тапсырды. Осы орайда аталған мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    Фото: baq.kz

    Фото: baq.kz

    «Мемлекет басшысының бұл бастамасы өте орынды. Егер біз елімізде кәсіпкерлікті дамытамыз десек, оған жағдай жасау керек. Бизнес бірден ірі кәсіпке айналмайды. Себебі, ол дамып, ірі бизнеске айналуы үшін уақыт пен қаржы керек. Азаматтар өз кәсіптерін осындай дәрежеге жеткізуге шамасы жетпей жатады. Егер несиені алу үшін халықта кепілдікке салатын меншігі жоқ болса, оларды біз далада қалдырмауымыз керек. Сондықтан мемлекет тарапынан осындай азаматтарға көмек көрсетілуі қажет», – деді депутат.

    Оның айтуынша, елімізде азаматтарға берілетін шағын несиенің көлемін арттыру шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік тудырады.

    «Бұл – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың бір жолы. Біз әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін азаматтарға өте жеңіл шартпен несие берсек, олар мал шаруашылығымен айналысуға, егін егуге мүмкіндік алады. Соның арқасында азаматтар өз кәсібін ашып, жағдайын жөндейді. Кейін өз кәсібін кеңейтеді», – деп түйіндеді сөзін Азат Перуашев.

    Опубликовано 16.03.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      14°
      12°
      Пн
      12°
      Вт
      21°
      Ср
      23°
      Чт
      17°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian