Қымыз өндірушілер арасында байқау өтті

Шалқар ауданында «Қымызмұрындық» байқауы өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Бие ұстап, қымыз пісіп отырған кәсіпкерлер арасында байқау өтті. Жылқы шаруашылығын дамытуға, қымыз өндірісін арттыруға арналған шараға «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқыған ауыл тұрғындары да қатысты.

«Шетырғыз ауылдық округінде тұратын жеке кәсіпкер Қайрат Жұмағалиев кәсіп бастау үшін 6 миллион теңге, ал Индира Абдуллина 4 миллион теңге несие алған болатын. Ақша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан берілді. Екі кәсіпкер де несиеге жылқы сатып алып, биыл қымыз өндіруді бастады. Олар әділқазылар алдында қымыз пісудің өзіндік жолын көрсетіп, жеңімпаз атанды. Қайрат Жұмағалиев бірінші, Индира Абдуллина екінші орын алды», — деді «Атамекен» ҰКП Шалқар аудандық филиалының директоры Алдияр Өтеғұл.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы