ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Оңтүстік Қазақстандағы кәсіпорындарды аралады

Қазақстан Республикасының вице-премьері, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысына сапармен келді. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тиісті бағыттар бойынша атқарылатын шаралармен танысу мақсатында өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға барып, шаруа қожалықтардың жектекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: baq.kz
Фото: ©baq.kz

Әуелі Ордабасы ауданындағы «Бөрте милка» сүт-тауар фермасында болды. Инвестиция құны 2,4 млрд теңгені құрайтын сүт фермасында бүгінде 30 адам жұмыс істейді. Гольштейн фрейс тұқымды 400 сиырдан жылына 4 мыңнан тоннадан астам сүт өндіреді. Айта кетерлігі, бұл – аймақта алғаш рет озық технологияны пайдалана отырған кәсіпорын. Мұнда сиырдың сауынын жуу, сүтті сауу жұмыстарын толығымен робот техника жүзеге асырады.

Фото: baq.kz
Фото: ©baq.kz

Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы шаруалармен кездесіп, мәселелеріне қанықты. Өңірдегі шаруалар мақта, жүгері өнімдерін арттыру бойынша және қаракөл елтірісін қайта жаңғырту жөнінде өз ойларын жеткізді. Мәселеге қаныққан министр айтылған ұсыныстарды ескеріп, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

Фото: baq.kz
Фото: ©baq.kz

«Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия бүгінгі таңда 240 млрд теңгеге жетті. Бұл Елбасының аталған салаға деген қамқорлығы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 есеге көбейту керектігін тапсырды. Бұл тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы сала екендігін ескеру керек. Ет, сүт, мақта өнімдері мен бақша дақылдарын өндіруде өңірдің үлесі ерекше. Алдағы уақытта Үкімет мәжілісінде жылдың жаңа жоспарын бекітіп, ауыл шаруашылығын өркендету үшін тың жобаларды қолға алатын боламыз», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Фото: baq.kz
Фото: ©baq.kz

Сапар Түркістан қаласы Шаға ауылдық округіндегі «Ерасыл» жылыжай кешенінде жалғасты. Жоба құны 70 млн теңгені құрайтын кешен 0,35 гектар аумақты алып жатыр. Онда қазіргі таңда 5 адам жұмыс істейді. Өңір басшысы республикадағы жылыжайлардың 75 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екендігін айтты.

Фото: ©baq.kz
Фото: ©baq.kz

«Ауыл шаруашылығын қолдауға өткен жылы жалпы 24,9 млрд теңге субсидия бағытталып, 40 мыңға жуық кәсіпорын қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылы 522,4 млрд теңгеге жетіп, өсім 102 пайызды құрады. Ал жылыжай көлемі 2017 жылы 212 гектарға артып, жалпы 1 335 гектарға жетті. Елбасы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінді. Осы мақсатта өңірде өнімділікті арттыру үшін озық технологияны пайдалануға барынша басымдық беретін боламыз», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласымен танысқан Өмірзақ Естайұлы шаруалардың жасаған ұсыныстарының тиімді тұстары назарға алынатындығын жеткізді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы