Қазақстанда мал шаруашылығы артып келеді
13.04.2018
3 197
Қазақстанда мал басы артып келеді. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылшаруашылық өндірушілердің барлық санаттарындағы жылқы саны 6,9%-ға, түйе 7,2%-ға, ірі қара мал 5,5%-ға, құс – 8,1%-ға, қой мен ешкі 0,8%-ға ұлғайды. Шошқа саны – 2,3%-ға кеміді.
Мал басы негізінен жұртшылық шаруашылықтарында шоғырланған: ірі қара мал – 57,3%, қой мен ешкі – 58,7%, шошқа – 59,3%, түйе – 53%, жылқы – 50,3%. Құс саны ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған (жалпы санынан 72%).
2016 жылмен салыстырғанда еттің барлық түрлерінің тірідей салмақтағы өндірісі 5,4%-ға ұлғайды. Сүт 3%-ға көп сауылды, жүн – 1,2%-ға және жұмыртқа 7,3%-ға жоғары алынған.