Ескі техникаларды пайдалану шығынды арттырады – АШМ
Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Аграрлық саясат жөніндегі Кеңестің отырысында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жол Карталары таныстырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Карта әр бағыт бойынша негізгі мәселелерді анықтайды сондай-ақ, кеңейтілген талдау жүргізе отырып, тиісті бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдайды.
Жол картасы келесі негізгі бағыттар бойынша әзірленді: тұқым шаруашылығын, өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін, агрохимияны, азық өндірісін (азық теңгерімі), отарлы қой шаруашылығын, көтерме сауда орталықтарын дамыту және егістік жерлерді игеру.
АӨК-ті техникалық қайта жарақтандыру картасы негізінде ауыл шаруашылығы техникалары парктерінің жай-күйімен қоса ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін кәсіпорындардың әлеуетіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижелеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы техникалары паркіндегі тракторлардың 65%, комбайндардың 46% пайдалану мерзімі 17 жылдан асқан. Сондай-ақ тракторлардың 15% істен шыққан, 26% есептен шығаруға жатады. Комбайндардың да жағдайы осындай.
Ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейді.
Осы себептен, егін жинау жұмыстары кезінде дәнді және майлы дақылдардың 14% уақытында жинап ала алмау 200 млрд. теңге шығын келтіріп отыр.
Осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында АӨК-ті техникалық қайта жарақтандыру Картасы әзірленді. Ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілер үшін жеңілдіктер, отандық өндірушілерден аспалы және тіркемелі техника сатып алушы шаруаларға жеңілдікпен берілетін несиелер қарастырылды.
Жалпы, Картаның негізгі мақсаты шаруалардың кірісін 20%-ға көтеру, еңбек өнімділігін 1,5 есеге, өнім өндірісін 2 есеге арттыру және ауыл шаруашылығы машиналары паркін жаңарту.
Тұқым шаруашылығы Картасын әзірлеу қажеттілігі ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасының төмендігінен және тұқым шаруашылығы техникаларын жарақтандыру және тұқымның тиімсіз сорттарын пайдаланудан туындады. Соңғы 5 жылда элиталы тұқымдарды себу орташа есеппен 4,6%-ды құраған. Ғылыми деректерге сүйенсек егіннің өнімділігінің төмен болуының 20% төменгі репродукторлы тұқымды пайдаланудан болады.
Элиталы тұқым шаруашылығына талдау жүргізу нәтижесінде егіс жинау техникаларының жартысы яғни 2/3 тұқым тазалау техникалары 10 жылдан астам уақыт пайдаланылған. 83%тұқым себетін, 72% астық жинайтын, 94% тұқым тазалайтын құралдар жаңартуды талап етеді. Тұқым шаруашылығында пайдаланалатын техникалардың электр қуаты мен құрал-жабдықтарынның шығыны 1,1 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ ескірген тұқым тазалайтын техникалар тұқымның сапасын төмендетеді.
Осыған орай, тұқым шаруашылығына талдау жүргізіліп, нақты жүйелік шаралар әзірленді. Тұқым шаруашылығы бойынша субсидия берудің механизмін жетілдіру, субсидияны тек қана жоғары сортты сапалы өнімдерге беру, сонымен қатар, республика бойынша жұмыс істеп тұрған субсидия беру схемасы қайта қарастырылуда. Егіннің және өнімнің сапасын арттыру үшін 1-ден төмен емес репродукциялы өндірістік егістік тұқымдарын пайдалану. Бұл элиталық тұқымды егістік алқаптарын кезең-кезеңімен 2018 жылы 6%-ға, 2021 жылы 21%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын толыққанды азықтандыру, ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру жол картасының негізгі бағытының бірі болып табылады. Бүгінгі күні жем-шөптің тапшылығы өткір мәселе.
Азық өндірісін (азық теңгерімі) дамыту Картасы бойынша облыстардың азық өндірумен қамтамасыз ету көрсеткіштері анықталды. Осы Карта негізінде айналымға жаңа жерлерді қосу мен әртараптандыру негізінде азық өндірісін арттыру шаралары қолданылады. Карта негізінде мал шаруашылығын дамыта отырып, мал шаруашылығы өнімдерін 21% арттыру, соның ішінде сүтті мал шаруашылығын 19% арттыру, мал тұқымдарының түрлерін 21% арттыру жоспарланып отыр. Қосымша жалпы өнім өндіру көлемі 255,6 млрд. теңгені құрайды.
Мал азығы өнімін дамыту үшін келесі шаралар қолданылады: 1 гектарүшін бір жылдық және көп жылдық шөптерді субсидилауды жалғастыру, құнары мол жем шөп шығаратын кіші цехтарды сатып алушыларға субсидия беру, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-нан қажеттіліктер үшін арпа сатып алу.
Шаруаларды дер кезінде тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Жыл сайын 260-290 мың тонна тыңайтқыш себіледі бұл негізгі қажеттіліктің 10% ғана.
Агрохимиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша топырақ алаңдарында азот және фосфордың үлесі төмен екендігі байқалады.
Кішігірім жер телімдері бар көптеген шаруалар тыңайтқыштарды тікелей зауыттардан темір жол арқылы жеткізу тиімсіз болып келеді. Сондықтан өнімдердің түр-түрін жақын қоймалардан сатып алу тиімді.
Агрохимияны дамыту картасы аясында әр облыс үшін жерді тыңайтудың бірыңғай нормасын енгізу ұсынылады. Бұл қосымша тыңайту көлемін, негізгі тыңайту түрлерін субсидиялау үшін қосымша 3,9 млд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде тыңайтқыштарды енгізу көлемі 261-ден 777 мың тоннаға артады немесе тұтыну көлемін 10%-дан 30%-ға көбейеді.
Соңғы 6 жылда азық-түліктің көтерме сауда өндірісі өсті. Оның 80%-дан астамы шағын сауда орталықтары болса, 9% ірі көтерме форматта жұмыс істейді. Бұл көлік шығындарының ұлғайуына, тауарларды тиеу, түсіру кезінде өнімдердің зақымдануына әкеледі. Қазақстанда тауарларды тасу кезіндегі өнімдердің зақымдануы 40%-ды құрап отыр. Осының бәрі азық-түлік шығынына әсер етуде. Тауар өндірушілерден тұтынушыға жеткенше баға 2,3 не одан да көп өсіп кетіп жатыр.
Соның әсерінен тұтынушы мен тауар өндірушілердің ортасындағы делдалдар пайда көріп отыр.
Көтерме-сауда орталығын дамыту Картасы аясында азық-түлік тауарларын көтерме саудамен алу бойынша анализ жүргізілді. Карта бойынша көтерме-үлестіру орталығы сияқты бөлшек сауда үшін азық- түлік тауарларын көтерме саудамен сату ұйымдастырылатын жер, үй алдында дүкендер, мейрамхана, кафе, қонақ үйлер жүйесі бірыңғай көтерме тобын құру ұсынылады.
Жыл сайын 3,4 млн. гектар жер өңделеді оның ішінде 1,5 млн. гектар жер зиянкестермен, аурулармен зақымдалған жерлер.
Өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін дамыту картасы аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арам шөптермен зиянды және аса қауіпті организмдермен күресу, карантинді объектілерді жою үшін пестицидтерді және биопрепараттарды сатып алған шығынын субсидиямен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жеке меншік иелеріндегі бақшаларда жойылған жеміс ағаштарының шығындарын өтеу.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы пестицидтермен қамтамасыз ету мүдделерін қорғау мақсатында пестицидтердің сапасын қадағалау жүзеге асырылған. Сонымен қатар, импорттық пестицидтердің ҚҚС-н кезең-кезеңімен жою қарастырылуда. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу талабы қатаңдатылған.
Отарлы қой шаруашылығын дамыту картасы аясында мал жайылымдарымен қамтамасыз ету жайылым аумақтарының жабдықталу инфраструктурасын жарақтандыра отырып, шаруашылықта малдарды жасанды ұрықтандыру арқылы қозы етін үздіксіз жыл бойы сыртқы нарыққа шығару және жүнді қайта өңдеуге ынталандыру.
Таныстырылған жол картасы кеңес мүшелерінің қызығушылығын тудырып, бір ауыздан қолдады.